
Рассмотрены техника и технология опробования и испытания перспективных на нефть и газ горизонтов в процессе бурения. Приводится классификация опробователей пластов, их техническая характеристика, условия и область применения. Учебное пособие предназначено для студентов, обучающихся по специальности «Бурение нефтяных и газовых скважин». Также оно представляет интерес для инженерно-технических работников предприятий нефтегазовой промышленности.

Оқу құралында мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау барысында қолданылатын бұрғы қондырғылары мен аспаптар қаралып, оларды қолдану мүмкіндіктері, техникалық сипаттамалары, құрама бөлшектері, жұмыс істеу реттері толық жазылған. Атап айтқанда бұрғы қондырғыларының түрлері, бұрғылау құбырларын көтеріп-түсіру аспаптары, бұрғылау процесін іске асырушы механизмдер, бұрғы сораптары, жуу сүйықтарын дайындау және тазарту, сагалық қондырғылар, цементтеу жабдықтары қаралған. Оқу құралы жоғары оқу орындарының "Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау", "Мұнай және газ кәсіптік машиналары мен жабдықтары" мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған.

"Компютерлік технологиялар және бағдарламалау" оқу куралы инженерлік мамандықтардың алғашқы курстарында оқылатын "Ақпараттану” пәнінің мемлекеттік стандартына сайкес құрастырылған. Ол студенттерді оқу процесінде өтетін тақырыптарды өздігінше оқып, дайындалуға бағыттайды. Компьютерлік технологиялар мен бағдарламалауды оқыпүйренуге арналған оқу құралы, студенттердің білім деңгейін арттырып, тақырыпты оқып-үйрену негізділігін, оқумақсаттық мәселелерін және олардың өзара байланыстылығын қарастырады. Пәнді оқып-үйренудің негізгі объектісі ретінде IBM PC түрлі ДЭЕМ-нің техникалық құрылғылары, MS DOS пен Windows oперациялық жүйелерi, Norton Commander сервистік қоршауы, антивирустар мен архиваторлар талқыланып берілді. Оқу құралы барлық технологиялық мамандықтардың студенттеріне арналған. Басқа жоғарғы оқу орындарының студенттеріне де пайдалануға болады.

Оку куралы жоғары математиканың арнаулы болімдерінің бағдарламасына сойкес казак және орыс тілдерінде жазыман. Аталған бөлімде мысалдар мен есептерді шығару улгілері. В.Ф. Чудесенконы "Сборник заданий по специальным курсам вышей математика" атты оқу құралынан алынғan типтік есептер және теориялык аныктама материалдар келтірілген. Жоғары оқу орындарының инженер-техникалык мамандыктарында оқитын студенттерге арналған.

Жүйелер теориясы қазіргі кезде жедел дамып отырған ғылыми бағыттардың бірі. Ұсынылып отырған оқу құралында жүйелер теориясының негізгі үғымдары қарастырылған. Сонымен қатар жиындар, кеңістіктер, функциялар мен бейнелер арқылы динамикалық жүйе, басқару үғымдары енгізіледы. Оқу құралы, «3601 – Басқару жүйелерін автоматтандыру және информатизациялау» мамандығы бойынша, жоғары оқу орындары студенттеріне арналған.

Учебное пособие содержит систематическое изложение вопросов гидравлики, являющихся основой изучения природных водных ресурсов и связанных с ними водохозяйственных расчетов. Учебное пособие предназначено для студентов водохозяйственных специальностей, а также может быть использовано студентами других специальностей, где изучаются вопросы гидромеханики..

“Бағдарламалау тілдерінің негізі” атты оқу құралы - технологиялық мамандықтардың алғашқы курсында оқылатын “Ақпараттану” пәнінің мемлекеттік стандартына сай құрастырылып, оның жұмыс бағдарламасының 4-ші модуліне сай жазылған. Ол студенттерді оқу процесінде өтетін тақырыптарды өздігінше оқыт дағдылануға бағыттайды. Оқу материалы жүйеленіп, дәйекті түрде берілген. Әр алгоритмнің ерекшелігі, оның теориялық негіздері, бағдарлама құру, өңдеу тәсілдері толық талданған. Оқу құралы студенттердің білім деңгейін арттырып, тақырыпты оқып-үйрену негізділігін, оқу- мақсаттық мәселелері мен олардың өзара байланыстылығын қарастырады. Оқу құралы барлық технологиялық мамандықтардың студенттеріне “Ақпараттану” пэнін оқып-үйрену үшін керек.

Оқу құралы мамандардың білім дәрежесіне қойылатын талаптарға, мемлекеттік стандарттарға, дәрістерді оқудың педагогика-психологиялық негіздеріне сәйкес жасалынған. Оқу құралында МS DOS операциялық жүйені тиімді қолдану әдістері, ерекшеліктері және мүмкіндіктері туралы түсінік 6еріледі. Материалда МS DOS-тың жиі қолданылатын функциялары сипатталған және осы жүйелік құралдарда қолданбалы программаларды қолдану мысалдары келтірілген. Материал «Жүйелік программалау пәніні» негізгі 6өлімдерін қамтиды. Бұл ең6екті анықтама құралы ретінде де колдануға болады. Оқу құралы 3701 ("Есептеу машиналар, жүйелік және тораптар”) және 3706 ("Ақпаратты қорғау және қауіпсіздендіру") мамандықтарының студенттеріне арналған.

Бұл оқу құралында термодинамикалық негізгі ұғымдары, заңдары, термодинамикалық жүйелерде жүргізілетін негізгі процестердің заңдылықтары, ашық жүйелердің термодинамикасының ерекшеліктері, жылу күштілік қондырғылардың циклдері қарастырылған. Әр тарауда қарастырылатын мәселе толық талқыланып, кейбір тақырыптар бойынша есеп шығару үлгілері берілген. Оқу құралы 2803 "Көтеру-тасымалдау және жол -құрылыс машиналары мен жабдықтары" мамадығында оқитын студенттерге арналған, сонымен қатар басқа да механикалық мамандықтарға оқитын студенттерге пайдалы болуы мүмкін.

Көне заманнан бері, мыңдаған жылдар бойы, адамзат өсіп және Өркендеу барысында жер үсті табиғи байлықтарын пайдаланумен қатар, өмір салтын жеңілдету және күнделікті қажетті өнімдерді істеп және өндіріп шығару мақсатында жер қойнауы ресурстарын тауып, қорытып, өндеп, яғни мұнай мен көмірді, қара және түсті металдар, асыл тастармен, асыл металдарды, құрылыс тау жыныстарын қолдана және пайдалана бастаған. Осы тұрғысынан ғылыми-тарихи мәліметтер мен мағлұматтар, ресурстардың пайда болуы, жер шарында орналасу аудандары мен аймақтары, тиісінше Қазақстан территориясындағы мұнай мен газ және пайдалы қазындылардын негізгі көздері, ресурстардың өндіріс салаларында, тұрмыста және техникада пайдалану барысы және келешегі, тиісінше олардың сипаттамалары, металды пайдалы қазындыларды құрастыратын минералдар, олардың химиялық формулалары, тиісінше құрамындағы элементтер пайыздары -молшерлері, нарықты экономика жағдайындағы көтерме бағаларында жинақталып келтірілген. Оқырман қауымға, тау-кен өндіріс салалары студенттері мен мектеп оқушыларына, жер туралы ғылыми жұмыстарымен айналысып жүргендерге арналған.