
Оқу құралында байланыс жүйесіндегі электрбайланысының бағыттаушы жолдарының сигнал тарату параметрлері мен өзара әсер параметрлерін есептеу арқылы анықтау және байланыс тізбектеріндегі бөгеуліктен қоррғану шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, байланыс жолымен берілетін сигнал сапасын бағалау мақсатында жобалаудың техникалық тапсырмалары берілген, байланыс жолын салу жобасы қарастырылған. Оқу құрралы "Радиотехника, электроника және телекоммуникация" мамандығы дайындайтын бакалавриат пен магистр мамандарына арналған.

В учебном пособии даётся изложение начал одного из основных методов рудной электроразведки, рассмотрены результаты экспериментального исследования явления вызванной поляризации рудных тел и дано его теоретическое описание применительно к поискам полиметаллических и золоторудных месторождений. Акцент сделан на выявление рудных тел в древних углефицированных и графитизированных сланцевых толщах пород, которые характеризуются высоким уровнем поляризуемости, приведено много примеров по месторождениям Казахстана.

Настоящее учебное по дисциплине "Геодезическое обеспечение монтажных работ и геодезический контроль в строительстве" составлено с требованиями типовой учебной программы для высших учебных заведений для специальности 050711 "Геодезия и картография". В пособии рассмотрены вопросы по построению геодезических сетей на монтажных горизонтах, геодезического обеспечения монтажа фундаментов, колонн, зданий и сооружений, геодезического контроля точности геометрических: параметров сооружения. Особое внимание уделено исполнительным съёмкам как заключительной и обязательной части каждого технологического процесса монтажных и строительных работ. Разработанное учебное пособие является дополнением к действующей в настоящее время учебной литературе и направлено на повышение эффективности самостоятельной работы студентов.

Бұл оқу құралы - еңбек қорғаудың келесі негізгі сұрақтарына арналған. Ол еңбек қорғаудың құқықтық негіздері, жұмыс орнының қауіпті және зиянды факторлары, шудан, дірілден, радиациядан және электр тоғыынан қорғау, карьерлер аэрологиясы. Карьерлер ауасын сауықтандыру үшін әртүрлі технологиялық процестер үшін шаңмен газды төмендететін іс шаралар ұсынған. Сонымен қатар, байыту кешендерінде де шаң мен күресу жолдары көрсетілген. Оқу құралы - техникалық мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған, сонымен қатар тау-кен және металлургия өндірістерінде инженерлік мамандық бойынша жұмыс істеп жүргендерге пайдалы болуы мүмкін.

Бұл оқу құралы жоғары оқу орындары үшін жалпы физика курсының типтік оқу бағдарламасына және жоғары білімді инженер-техникалық мамандарды дайындаудағы талаптарға, сондай-ақ, мемлекеттік стандарттарға сәйкестендіріліп жазылған. Оқу құралы жалпы 9 тараудан тұрады. Бұл оқу құралында физиканың негізгі заңдары, физикалық шамалар мен ұғымдары жүйелі түрде берілді. Әр тараудың соңында ел ішінде және шетелдерде жарық көрген басылымдардағы жалпы физика курсының бақылау сұрақтарының маңыздылары мен сапалы сұрақтары таңдап алынып, оған егжей-тегжейлі сараптама жасалып, дәлелді жауаптар берілді. Студенттер осы бақылау сұрақтары және олардың жауаптарымен танысу арқылы жалпы физикадан алған білімдерін тереңдете түсуге толық мүмкіндік алады.

Бұл оқу құралы жоғары оқу орындары үшін жалпы физикадан типтік бағдарламаға ж-е жоғары білімді инженер-техникалық маман. дайындаудағы талаптарға, мемлекеттік стандарттарға педагогикалық-психологиялық негіздерге сәйкестендіріліп жазылған. Оқу құралы үш семестрлік тапсырмалардан құрастырылған, әрқайсысы жиырма есептен тұрады. Аталған оқу құралы негізінен техникалық жоғары оқу орындары студенттерге арналған.

Оқу құралы химиялық технологияға, ғылым ретінде және оның зерттеу нысаны – химиялық өндіріске толық түсінік береді. Мұнда химиялық технологиядағы процестердің реакция заңдылықтары, теориялық негіздері, химиялық реакторларды таңдау және ондағы жүретін процестерге нақты түсінік берілген. Химия өндірістерінегі химия-технологиялық жүйелерді модельдеу келтірілген. Қоршаған ортаны қорғаудың технологиялық процестеріне де ерекше көңіл бөлінген.

Оқу құралы - Мемлекеттік стандарттардың, типтік және жұмыс оқу бағдарламаларының "Тау-кен ісі" мамандығы, "Шахта және жерасты құрылысы" мамандандыру бағытының квалификациялық сипаттамаларының талаптаррына сәйкес құрастырылған. Оқу құралының мақсаты - әртүрлі тау-кен геологиялық шарттарға байланысты арнайы әдістерді қолдану арқылы жерасты ғимараттары құрылысын жүргізудің технологиялары мен ерекшелііктері және онда қолданылатын негізгі техникалар мен жабдықтар жөнінен баянды теориялық білім мен тәжірибелік бағдарлар беру. Оқу құралында күрделі тау-кен геологиялық жағдайларға сәйкес жерасты ғимарраттары салынатын таужынысы сілемдерін тығындау, мұзқатыру, жасанды жолдармен су деңгейлерін төмендету әдістері, оқпан құрылысын қағылмалы, түсірмелі бекітпелермен жүргізу және тұтас диаметрі бойынша бұрғылап өту тәсілдері сияқты арнайы әдістердің технологиялары баяндалған. Арнайы әдістермен жерасты нысандарын салуға қолданылатын техникалар мен технологиялардан терең мағлұматтар берілген. Оқу құрралын тәжірибелік, курстық және дипломдық жұмыстарды орындағанда қолдануға болады. Оқу құралы - "Тау-кен ісі" мамандығы бойынша білім алатын бакалаврлар мен магистранттарға және тау-кен өндірісі мамандарына арналған.