
Учебное пособие по дисциплине «Основы BIM-технологий» предназначено для студентов архитектурных и смежных специальностей, и посвящено изучению технологии компьютерного моделирования BIM в учебном процессе Satbayev University. Технология BIM - это принципиально новый подход к возведению, оснащению, обеспечению, эксплуатации и ремонту здания, а также управлению жизненным циклом объекта. BIM -это то, что определит и уже определяет направление развития мировой проектно-строительной отрасли на несколько десятилетий вперед. Учебное пособие разработано таким образом, чтобы студенты могли почерпнуть из него необходимые теоретические сведения и приобрести навыки работы с компьютерными технологиями BIM. Представленный материал является результатом преподавания данной дисциплины преподавателями кафедры «Архитектура» Satbayev University в рамках подготовки бакалавров по архитектурным специальностям.

Учебное пособие одобрено и рекомендовано к изданию в открытой печати Ученым Советом «Института архитектуры и строительства им. Т.К.Басенова», Казахского национального технического университета им. К.Сатпаева, Министерства образования и науки Республики Казахстан. Протокол №9, от 24 мая 2021 г.

Оқу құралы 5В070900 «Металлургия», 6В07203 «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» мамандықтарының біліктілік сипаттамасына, Типтік және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес құрастырылған. Материалдық және жылу баланстарын, автоклавтарды және басқа да негізгі аппараттарды есептеудің заманауи және перспективті тәсілдерінің негізгі технологиялық процестерінің материалдық баланстарының есептері келтірілген. Шихтаны дайындау және пісіру, ерітінділерді сілтілеу және тазарту, сондай-ақ сорбциялық, экстракциялық процестер бойынша есептеулер ұсынылған. 5В070900 «Металлургия», 6В07203 «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» мамандықтары бойынша оқитын білім алушыларға арналған. Сонымен қатар, зауыттардың инженерлік-техникалық қызметкерлеріне пайдалы болуы мүмкін.

Оқу құралы студенттерді тұрақты токтың электр тізбегін есептеу, электр тізбектерінің заңдылықтары, және теориялық негіздерімен таныстырады. Оқу құралында тұрақты токтар және кернеулер берілген кезде қалыптасқан режимде шоғырланған параметрлі сызықты электр тізбектерінің қасиеттері және оларға талдау жасау тәсілдері баяндалған.

Оқу құралы курс бағдарламасына сәйкес жазылған. Шойын мен болат өндірісінің негіздері шикізатты өндіру мен дайындаудан бастап қысқаша түрде көрсетілген. Кітапта темір рудасының шикізатын дайындау, шойын және металдандырылған бұйымдарды өндіру, оларды болат балқыту қондырғыларында өңдеу процестері дәйекті түрде қарастырылады. Дайындалған шикізаттың, шойынның, болаттың және металлургиялық қондырғылардың қысқаша сипаттамасы берілген. Оқу құралында ұсынылған материалдар металлургия мамандығының студенттеріне (бакалаврларға) арналған және магистранттар мен университеттің ғылыми қызметкерлеріне пайдалы болуы мүмкін. Бұл оқу құралы металл өндіру технологиясын жетілдіру үшін көптеген жаңа техникалық шешімдердің авторы, ұстазымыз Тлеугабулов Сүлейман Мустафьевичке арналған.

Кітапта бүгінгі электрлендіру үрдісіне жол ашқан, электротехника және электроэнергетиканың негізін қалаған ұлы ғалымдар мен инженерлердің өмірі мен творчестволық еңбектері баяндалған. Олардың есімдері дүние жүзіне мәлім, ал көбісінің атымен белгілі электрлік және магниттік бірліктер аталған. Электр және магнетизм саласындағы алғашқы ашылған жаңалықтар мен өнертабыстар туралы да кітапта қызықты мәліметтер келтірілген. Оқырмандар кітаптан осы ғұлама ғалымдардың еңбектерімен ғана емес, олардың өмірбаянымен де таныса алады. Кітап жоғары сынып оқушыларына, жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, электротехника, электроэнергетика, физика мұғалімдеріне және осы ғылымға қызығушылық білдіріп жүрген барлық мамандарға арналған.

Жаңгыртылмайтын және жаңгыртылатын энергия көздері, олардың сипаттамалары туралы ақпарат берілген; жылу техникасының негіздері баяндалған: техникалық термодинамиканың ережелері және жылу беру негіздері, жылу электрстанциялары мен газ құбырлары қондырғыларының және басқа да электрстанцияларының схемалары мен технологиялық процестері қарастырылған. Жылу электр орталыгының негізгі жылу жабдықтарының жұмыс істеу принциптері келтірілген: бу және ыстық су қазандықтары, бу турбиналары, жылумен жабдықтау жүйесінің жабдықтары және электр жүйелері мен кіші энергетика жөнінде мәліметтер берілген. Жоғары оқу орындарының энергетика мамандықтарының студенттеріне арналған. Кітап тиісті мамандықтардың техникалық мектептерінің оқушылары үшін, сондай-ақ энергетика және өнеркәсіптік кәсіпорындардың жүмысшылары үшін де пайдалы болуы мүмкін.

Оқу құралында таужыныстарының физика-механикалық қасиеттерімен бұзылу әдістері, бұрғылау әдістерінің жалпы сипаттамасы және таужыныстарын бұзудың жаңа әдістері қарастырылган. Бұрғылау жұмыстарының технологиялық негіздері, бұрғылау станоктарының жіктелімімен жұмыс жасау принципі, құрылмаларымен жұмыс процесі теориясының элементтері, шетел өндірісінің бұрғылау станоктары, бұрғылаудың техникалық және энергетикалық параметрлерін есептеу, өнімділігі және пайдаланымы, автоматтандырудың технологиялық негіздері, бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыру, техника қауіпсіздігі және оларды жетілдіру жолдары жөнінде толықтай жазылған. Бұрғылау станоктарын тиімді қолданылу салалары сипатталған. Оқу құралы тау-кен саласы мамандықтарының студенттері, жобалық мекемелер мен тау-кен кәсіпорындарының инженерлік-техникалық қызметкерлері пайдалануға болады.