
Оқу құралы анық емес жүйелер және желілердің негіздеріне арналған: анық емес көпмүшелер теориясы, анық емес қатынастар, анық емес логика, анық емес енгізу жүйелері және анық емес нейронды желілер қарастырылған. "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері", "Ақпараттық жүйелер" мамандықтары бойынша бакалавр, магистр және докторанттарды дайындауға және басқа да жасанды желілер сұрақтарына қызығушылық танытатын мамандарға арналған. Оқу құралы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің және Пенза мемлекеттік университетінің сәйкес қарым қатынас жөніндегі Меморандумына байланысты авторлар коллективімен құрылған.

Оқу құралында ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтаудың әртүрлі әдістерінің физикалық негіздері мазмұндалған. Ғарыштық түсірулерді жүргізудің теориялық негіздері, түсіру аппаратурасының техникалық параметрлері және қашықтықтан зондтаудың мәліметтері қаралады. Жерді қашықтықтан зондтаудың қазіргі және болашақ бағдарламаларының сипаттамалары келтірілді. Оқу құралы «Аэроғарыштық түсіріс әдістері» пәні бойынша 5В071100 – Геодезия және картография мамандығына зертханалық жұмыстарды орындауға, сонымен қатар осы саламен айналысатын мамандарға арналған.

Оқу құралында барлау геофизикасының теориялық негіздері, өрістерді өлшеу аспаптары, далалық жұмыс жасау принциптері, өрістерді өңдеу, талдау мен талқылау әдістері, алынған өрістер нәтижелерін графиктер немесе изосызықтар карталарымен бейнелеу амалдары келтірілген. Әр бөлімнің аяғында білімді тексеру және пысықтауға арналған бақылау сұрақтары берілген. Соңында кітапта кездесетін терминдерге түсініктеме, глоссарий берілген. Оқу құралы жаратылыстану ғылымдары мамандарына, студенттер мен магистранттарына арналған.

Оқу құралында ғимарат салудағы құрылыс саласындағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру, жобалық-ізденіс жұмыстарды геодезиялық қамтамасыздандыру, ғимараттар мен имараттарды алаңға көшіру, олардың жерасты және жерүсті бөліктерін салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар және олардың салынған дәлдігін бақылау сұрақтары қарастырылған. Ұсынылған оқу құралы құрылыста жүргізілетін геодезиялық жұмыстарды барынша толық қамтиды және өндіріс технологиясымен тікелей байланысы көрсетілген. Оқулық жоғарғы оқу орындарының геодезия мамандықтары студенттеріне арналған. "Ғимарат деформацияларын бақылау" оқу құралының негізгі мақсаты 5В071100 "Геодезия және картография" мамандығының студенттеріне пәннің теориялық жақтарымен жұмыс жасауға көмегін тигізеді. Сондай-ақ - оқу траекториясы, оқу әдістемелік кешені пәннің оқу бағдарламасынан тұрады, қысқаша лекция конспектісінен, әдістемелік материалдардан, студенттің өзіндік жұмысы үшін оқу практикалық материалдардан, міндетті әдебиеттер тізімінен, глоссарийдан, тест және бақылау сұрақтары студенттің курс бойынша өз білімінің деңгейін тексеру үшін қажет.

Кітап соңғы жылдары Болон келісімі бойынша оқу орындарына пән ретінде өндірілген философиялық тақырыпқа жазылған. Мақсаты - өсіп келе жатқан ғылымдарға дүниетанымдық, методологиялық жәрдемді күшейту, қазіргі заманда философияның қоғамда атқарар рөлін көтеру.Сондай-ақ "Ғылым тарихы мен философиясы" әлі қалыптасып бітпегендіктен, бұл еңбек оқулыққа ой қосады деп түсінеміз. Монография философиямен шұғылданушы жас ғалымдарға, магистранттарға арналған.

В настоящем учебном пособии даются основы дешифрирования снимков для создания карт и планов. Подробно рассматриваются методы топографического дешифрирования, основные свойства изображения на аэроснимках объектов земной поверхности. Особое внимание уделяется вопросу выполнения камерального и полевого дешифрирования топографических объектов на аэрофотоснимках масштаба 1:25 ООО, 1:10 000, 1:5000, 1::2000. Приводятся характеристики приборов, применяемых при дешифрировании снимков. Пособие предназначено для студентов картографических, геодезических, географических, землеустроительных и лесохозяйственных специальностей, а также может быть использовано преподавателями вузов, научными работниками, специалистами в области геодезии и картографии, :землеустройства и лесоустройства, экологии и природопользования, сельского и лесного хозяйства.

Жоғарғы геодезия оқу құралы "Геодезия және картография" мамандығының оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Бұл пәнді оқып-үйренудің негізгі мақсаты - студенттерге жер бетіндегі барлық топографиялық түсірістер мен жоғарғы дәлдікті геодезиялық жұмыстарды өз бетімен жүргізуді үйрету. Студенттердің бұл пәнді оқуы олардың болашақ мамандығына деген көзқарасының қалыптасуымен қатар, кейін "Геодезиялық өлшеулер нәтижелерін математикалық өңдеу", "Ғарыштық геодезия" сияқты пәндерді игеруінің негізін қалайды. Оқу материалын баяндау барысында жоғарғы геодезия ғылымы мен өндірісінің осы күнгі жетістіктеріне, геодезиялық жаңа аспаптарға, оның ішінде жер серіктері технологиясын пайдаланудың түсіріс әдістеріне және далалық өлшеу нәтижелерін ғылыми өңдеу негіздеріне басты көңіл аударылады. Әрбір тараудың соңында өзіндік тексеру сұрақтары мен есептеудің үлгілері келтірілген. Мұның бәрі, әлбетте, студенттердің, оның ішінде сырттай оқып-үйренетін студенттердің оқу материалдарын аудиториядан тыс игеруіне өте үлкен септігін тигізеді.

Осы оқу құралы негізіне Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қ.Тұрысов атындағы «Геология және мұнай-газ ісі» институтының «Геологиялық карта түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау» кафедрасында «Кеніштік геология» пәнінен оқылатын дәрістер жатады. Оқу құралы жер қойнауын геологиялық зерттеу, іздеу барлау және қазып алу жұмыстарын геологиялық қызметпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды және 5В070600 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау мамандығын алу үшін оқып жатқан студенттерге, оның ішінде кеніштік геология саласында жұмысқа баратын және жұмыс істеп жатқан мамандарға арналған. Бұл оқу құралы осы пән бойынша қазақ тілінде бірінші болып дайындалған.