
Оқу құралы жеңіл металдардың физикалы -химиялық қасиеттерін олардың қолдану аймағын және маңызды қосылыстары мен балқымалары сипаттайтын 4 бөлімнен тұрады. "Жеңіл металдар металлургиясы" тарауында жеңіл металдардың технологиясы және қолданылуы саласы баяндалған.. Оқу құралының мақсаты - жеңіл металдар металлургиясының өндіру технологиясын жете меңгеру. Оқу құралы "Металлургия" мамандығы бойынша, сонымен қатар, тау-кен металлургия институттарының студенттері мен магистранттарының өз білімдерін жетілдіру зор үлес қосады.

Оқу құралында математика курсының еселі, қисық сызықты, беттік интегралдар, өрістер теориясы, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы математикалық статистика тақырыптары толық қамтылған. Математика курсының негізгі ұғымдары мен теориялары жан - жақты талқыланып, соңында мысалдар қарастырылып, олардың шешу жолдары мен әдістері және осы тақырыпқа қатысты сұрақтар мен өзіндік тапсырмалар ұсынылған. Оқу құралы техникалық және экономикалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары студенттеріне арналған.

Оқу құралында математика курсының санды қатар, функциялық тізбектер мен қатарлар, Фурье қатары, көп айнымалы мен айқын емес функциялар тақырыптары толық қамтылған. Математика курсының негізгі ұғымдары мен теориялары жан - жақты талқыланып, соңында мысалдар қарастырылып, олардың шешу жолдары мен әдістері және осы тақырыпқа қатысты сұрақтар мен өзіндік тапсырмалар ұсынылған. Оқу құралы техникалық және экономикалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары студенттеріне арналған.

Оқу құралында автоматты басқару жүйелерінің тағайындалуы, негізгі түсініктер мен басқарудың негізгі принциптері, автоматикалық жүйелерді математикалық сипаттау әдістері, сызықты жүйелердің орнықтылығын зерттеу мен сызықты стационарлы жүйелердің басқарылуы мен бақылануын зерттеу бойынша мағлұмат берілген. Тақырыптар бойынша материалды бекітуге арналған мысалдар келтірілген. Оқу құралы 5В070300 - ""Ақпараттық жүйелер", 5В070400 - "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандықтарында оқитын студенттерге және магистранттарға арналған.

Учебное пособие составлено в соответствии с Типовой программой, утвержденной Министерством образовании и науки Республики Казахстан и требованиями ГОСО специальности, а также в соответствии с содержанием учебно-методического комплекса.

Оқу құралында жерсеріктік, радиорелейлік, оптикалы талшықтық және ұялық радиобайланыстық жүйелер жөнінен көлемді мағұлмат берілген. Қазіргі қатты дамып келе жатқан жерсеріктік байланыс жүйелері GLOBALLSTAR, IRIDIUM, INMARSAT және т.б. туралы, сондай-ақ навигация жүйелері СРS NAVSTAR мен ГЛОНАСС жөнінен айтылып және олар ғарыштық аппараттары конструкциясы, ұшу орбиталары, көрсеткіштері, қолданылуы бойынша жан-жақты талданған. Қазақстан Республикасының "Kazsat -2" байланыстық жерсерігі туралы мәлімет берілген. Тікелей көріністегі радиорелейлік байланыс жолын құру принциптері көрсетіліп, оның аппаратурасы функционалдық сұлбалары беріліп, жұмысы қаралған. Қалалар арасында және қала ішінде соңғы кезде өзінің артықшылықтары арқылы кең қолданыс тапқан оптикалы талшықтық байланыс жолы құрылымы мен жұмысы кеңінен баяндалған. Сонымен қатар қозғалмалы байланыс жүйесі құрылымы, технологиялары және сипаттамалары туралы айтылған.

Бұл оқу құралы сегіз бөлімнен түрады. Әрқайсысында дайындаманы алатын технологиялық үрдістен және әртүрлі бөлшектердің типтік түрлерінің механикалық өңделуінен құрастырылған. Оқу құралында көлік, көліктік техниканың типтік бөлшектерінің қолданатын материалдары да қарастырылған. Әсіресе металл кесуші құрал-саймандардың механикалық өңдеуіне көп көңіл бөлінген. "Көліктік техниканың типтік тетіктерін өндіру технологиясы" атты оқу құралы 5В071300 "Көлік, көліктік техникасы және технологиясы" мамандығының студенттеріне арналған.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының бакалавриат деңгейіндегі типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың кредиттік жүйесінің талаптарына сәйкес жазылған. Кітаптың құрылымы мынадай: теориялық материал (лекция); тәжірибелік сабақтарға арналған есептер мен тапсырмалар; типтік есептерді орындау үлгілері; 30 нұсқадан тұратын үй тапсырмалары (ҮТ); бақылау жұмысына арналған тапсырмалар; қажетті анықтамалар мен формулалар. Кітап жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған.