
Оқу құралында барлау геофизикасының теориялық негіздері, өрістерді өлшеу аспаптары, далалық жұмыс жасау принциптері, өрістерді өңдеу, талдау мен талқылау әдістері, алынған өрістер нәтижелерін графиктер немесе изосызықтар карталарымен бейнелеу амалдары келтірілген. Әр бөлімнің аяғында білімді тексеру және пысықтауға арналған бақылау сұрақтары берілген. Соңында кітапта кездесетін терминдерге түсініктеме, глоссарий берілген. Оқу құралы жаратылыстану ғылымдары мамандарына, студенттер мен магистранттарына арналған.

Оқу құралында ғимарат салудағы құрылыс саласындағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру, жобалық-ізденіс жұмыстарды геодезиялық қамтамасыздандыру, ғимараттар мен имараттарды алаңға көшіру, олардың жерасты және жерүсті бөліктерін салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар және олардың салынған дәлдігін бақылау сұрақтары қарастырылған. Ұсынылған оқу құралы құрылыста жүргізілетін геодезиялық жұмыстарды барынша толық қамтиды және өндіріс технологиясымен тікелей байланысы көрсетілген. Оқулық жоғарғы оқу орындарының геодезия мамандықтары студенттеріне арналған. "Ғимарат деформацияларын бақылау" оқу құралының негізгі мақсаты 5В071100 "Геодезия және картография" мамандығының студенттеріне пәннің теориялық жақтарымен жұмыс жасауға көмегін тигізеді. Сондай-ақ - оқу траекториясы, оқу әдістемелік кешені пәннің оқу бағдарламасынан тұрады, қысқаша лекция конспектісінен, әдістемелік материалдардан, студенттің өзіндік жұмысы үшін оқу практикалық материалдардан, міндетті әдебиеттер тізімінен, глоссарийдан, тест және бақылау сұрақтары студенттің курс бойынша өз білімінің деңгейін тексеру үшін қажет.

Кітап соңғы жылдары Болон келісімі бойынша оқу орындарына пән ретінде өндірілген философиялық тақырыпқа жазылған. Мақсаты - өсіп келе жатқан ғылымдарға дүниетанымдық, методологиялық жәрдемді күшейту, қазіргі заманда философияның қоғамда атқарар рөлін көтеру.Сондай-ақ "Ғылым тарихы мен философиясы" әлі қалыптасып бітпегендіктен, бұл еңбек оқулыққа ой қосады деп түсінеміз. Монография философиямен шұғылданушы жас ғалымдарға, магистранттарға арналған.

В настоящем учебном пособии даются основы дешифрирования снимков для создания карт и планов. Подробно рассматриваются методы топографического дешифрирования, основные свойства изображения на аэроснимках объектов земной поверхности. Особое внимание уделяется вопросу выполнения камерального и полевого дешифрирования топографических объектов на аэрофотоснимках масштаба 1:25 ООО, 1:10 000, 1:5000, 1::2000. Приводятся характеристики приборов, применяемых при дешифрировании снимков. Пособие предназначено для студентов картографических, геодезических, географических, землеустроительных и лесохозяйственных специальностей, а также может быть использовано преподавателями вузов, научными работниками, специалистами в области геодезии и картографии, :землеустройства и лесоустройства, экологии и природопользования, сельского и лесного хозяйства.

Жоғарғы геодезия оқу құралы "Геодезия және картография" мамандығының оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Бұл пәнді оқып-үйренудің негізгі мақсаты - студенттерге жер бетіндегі барлық топографиялық түсірістер мен жоғарғы дәлдікті геодезиялық жұмыстарды өз бетімен жүргізуді үйрету. Студенттердің бұл пәнді оқуы олардың болашақ мамандығына деген көзқарасының қалыптасуымен қатар, кейін "Геодезиялық өлшеулер нәтижелерін математикалық өңдеу", "Ғарыштық геодезия" сияқты пәндерді игеруінің негізін қалайды. Оқу материалын баяндау барысында жоғарғы геодезия ғылымы мен өндірісінің осы күнгі жетістіктеріне, геодезиялық жаңа аспаптарға, оның ішінде жер серіктері технологиясын пайдаланудың түсіріс әдістеріне және далалық өлшеу нәтижелерін ғылыми өңдеу негіздеріне басты көңіл аударылады. Әрбір тараудың соңында өзіндік тексеру сұрақтары мен есептеудің үлгілері келтірілген. Мұның бәрі, әлбетте, студенттердің, оның ішінде сырттай оқып-үйренетін студенттердің оқу материалдарын аудиториядан тыс игеруіне өте үлкен септігін тигізеді.

Осы оқу құралы негізіне Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қ.Тұрысов атындағы «Геология және мұнай-газ ісі» институтының «Геологиялық карта түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау» кафедрасында «Кеніштік геология» пәнінен оқылатын дәрістер жатады. Оқу құралы жер қойнауын геологиялық зерттеу, іздеу барлау және қазып алу жұмыстарын геологиялық қызметпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды және 5В070600 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау мамандығын алу үшін оқып жатқан студенттерге, оның ішінде кеніштік геология саласында жұмысқа баратын және жұмыс істеп жатқан мамандарға арналған. Бұл оқу құралы осы пән бойынша қазақ тілінде бірінші болып дайындалған.

Книга направлена на организацию самостоятельной работы студентов; активизацию познавательной и творческой деятельности студентов; обеспечение взаимосвязи учебного и исследовательского процессов. Объектом изучения новой научной и учебной дисциплины «Логистика» являются материальные и связанные с ними информационные, финансовые потоки. Актуальность учебного пособия и резко возрастающий интерес к ее изучению обусловлены потенциальными возможностями повышения эффективности функционирования материалопроводяших систем, которые открывает использование логистического подхода. Логистика позволяет существенно сократить временной интервал между приобретением сырья и полуфабрикатов и поставкой готового продукта потребителю, способствует резкому сокращению материальных запасов, ускоряет процесс получения информации, способствует сокращению затрат через логистическое бюджетирование, повышает уровень сервиса. Изложены современная концепция и задачи логистики. Охарактеризованы участники логистического процесса, описаны модели механизмов функционирования логистических систем и методы, обеспечивающие повышение эффективности хозяйственной деятельности за счет рациональной организации материальных потоков. После каждого раздела приводятся контрольные вопросы для закрепления материала. Предназначено для студентов всех экономических специальностей, а также для магистрантов, преподавателей, практических работников сферы распределения, закупок, транспорта, организации торговых и производственных процессов.

Оқу құралында жылутехникасының теориялық негіздері бойынша материалдар берілген. Оның құрамына келесідей негізгі бөлімдер кіреді: отын және онын жануы, жылуберіліс негіздері мен заңдылықтары, газдар мен сұйықтар механикасы, ұқсастық теориясының негіздері, қара және түсті металлургия, машинажасау салаларында қолданылатын пештер құрылымының элементтері мен қосалқы жабдықтары, құрылыс материалдары, қайтарма энергетикалық және материалдық ресурстарды пайдалану әдістері мен жылуды қолданудағы экологиялық мәселелер. Оқу құралы металлургия, машинажасау және басқа жылутехникасмен байланысты мамандар дайындайтын оқу орындарының студенттеріне арналады.

Оқу құралы наноматериалдарды алу әдістері және нанотехнологиялық зерттеулердің бағыттары бойынша маңызды білімдерді ұғынып білуге қажет материалдарды қамтиды. Нанотехнология мен наноматериалдар туралы негізгі зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Наноматериалдардың физика-химиялық ерекшеліктері мен диагностикасы, ықшам наноматериалдарды алудың әдістері, олардың пайдаланылу саласы, соның ішінде машина жасауда, атомдық энергетикада, наноэлектроникада қолданылуы қарастырылған. Наноматериалдардың топтамасы, сонымен қатар оларды қолдану ерекшеліктері де келтірілген. Оқу құралындағы ақпарат, Қазақстанның барлық білім беру деңгейіндегі "Наноматериалдар мен нанотехнология" мамандығының пәңдерімен бір жүйеде берілген. Оқу құралы наноматериал мен нанотехнология пәнін үйренушілерге арналған, соныммен қатар осы салада ғылыммен айналасушылардың пайдалануына да өте тиімді.

Учебное пособие предназначено для бакалавров 1-3 курсов технических и экономических вузов, а также магистрантам и преподавателям вузов. В данном пособии изложен специальный курс по «Операционному исчислению» на основе интегрального преобразования Лапласа и его приложений к решению обыкновенных линейных дифференциальных уравнений, линейных интегральных уравнений типа свертки и краевых задач математической физики. Учебное пособие в полной мере обеспечивает студентов раздаточным материалом и дает возможность приобрети навыки самостоятельной работы, что является одним из основных моментов в услоовиях кредитной системы обучения.