
Оқу құралында өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жаңа бағыттарды сипаттайтын жүйеленген мәселелер мен өндірісте қолданылатын жабдықтар келтірілген. Бірінші тарауда жоба және оның түрлері туралы түсінік пен жобаны көркемдеу мен құрастыру қарастырылған. Жобалауда қолданылатын нормативті-техникалық құжаттардың тізімі көрсетілген. Химиялық өндірістердің сәулет-құрылысының негізгі сатылары, бас жоспарды құрастыру, ғимараттар мен инженерлік құрылысты және қоғамдық-әкімшілік орталықтарды таңдау әдістері келтірілген. Сонымен қатар химия өндірісінің эксплуатациясы кезіндегі арнайы жоспарлау сұрақтары келтірілген. Екінші тарау жабдықтарды жіктеу мен оған қойылатын талаптарға, технологиялық үдерістерде қолданылатын көмекші жабдықтарға арналған. Бейорганикалық заттар өндірісіндегі негізгі аппараттар мен жабдықтар қарастырылған. Тараулардың соңында студенттер білімін бекітетін бақылау сұрақтары келтірілген. Оқу құралы 5В072000 "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығында оқитын студенттерге арналған.

Рассмотрены вопросы идентификации нестационарных на основе использования формальных динамических моделей. Предлагаемые методы могут быть использованы при решении задач обработки материалов летно-конструкторских испытаний носителей и космических аппаратов. Для научных сотрудников и специалистов, работающих в области проектирования и эксплуатации космических средств. Пособие будет полезным для студентов, магистрантов и докторантов специальности "Космическая техника и технологии" при изучении дисциплин "Летно-конструкторские испытания ракет-носителей и космических аппаратов", "Основы экспериментальной отработки космических средств", "Основы эксплуатации космических средств".

Ұсынылып отырған "Қазақ тілі" оқу құралы техникалық жоғары оқу орындарының машинажасау мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған. Оқу құралының басты мақсаты - мемлекеттік тілді техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне бағдарлы оқыту арқылы техникалық терминдердің мән-мағынасын түсіндіріп, меңгерту және оларды тәжірибеде еркін қолдану дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар кәсіби бағдарлы мәтіндердің мазмұнын түсініп оқуға машықтандыру.

Ұсынылып отырған "Қазақ тілі" оқу құралы техникалық жоғары оқу орындарының техникалық физика мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Оқу құралының басты мақсаты - мемлекеттік тілді техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне кәсіби бағдарлы үйрету арқылы техникалық терминдердің мән-мағынасын түсіндіріп, меңгерту және оларды тәжірибеде еркін қолдану дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар олардың жалпы дүниетанымын рухани әлемінің ауқымын кеңейту, білімін көтеру, қалыптан тыс ойлау логикасын дамыту және өз бетімен шығармашылық іс-әрекет жасауға баулу.

Оқу құралында бірінші рет Қазақстан пайдалы қазбаларының дәстүрлі емес жаңа түрлері жинақтап қарастырылған. Осындай пайдалы қазбалар түрлерінің экономика мен индустриалды-инновациялық дамудағы рөлі өтте маңызды. Кенорындары мен кенбілінімдер жайлы жан-жақты, сондай-ақ қасиеттері, шаруашылықтың сан түрлі салаларында қолданылу аясы туралы жаңа мәліметтер берілген. Сонымен қатар дәстүрлі кенорындардың жаңа типтерін табуы мен бағалауына да көңіл аударған. Аталған қазба байлықтардың пайдалы қасиеттері жөнінде өте маңызды ақпарат жинастырылған, олар өнеркәсіптің жаңа, прогрессивті салаларын құру жолында сенімді минералды-шикізат қорын қамтитыны сөзсіз. Оқу құралының мазмұнына келсек, ол "Пайдалы қазбалар геологиясы" пәнінің жаңа бір тарауы болып табылады және "Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлау" мамандығы студенттеріне, басқа да Қазақстанның минералды-шикізат қорын зерттеу, қолдану аясында жұмыс істейтін тұлғаларға қажет қосалқы құрал. Қазақстан жер қойнауы байлықтарын тиімді, оңтайлы түрде пайдаланамын деуші отандас немесе шетелдік инвесторларды да қызықтыратын құрал. Министрлік пен ведомствалардың басшыларына, оқытушылар, магистранттар, гидрогеология, мұнай, география, тау-кен, экономика және металлургия мамандығы студенттеріне де пайдалы, қажет жиынтық. Сонымен қатар Қазақстанның минералды-шикізат қоры және өнеркәсіптің жаңа салаларын құру перспективасына қызығушылық білдіретін жалпы оқырмандарға да көмегін тигізеді.

Оқу құралында "Қаржылық менеджмент" пәнінің неғұрлым маңызды тақырыптарының мазмұны, қаржылық менеджменттің теориялық аспектілері және ақпараттық қамтамасыз етілуі, кәсіпорынның айналым капиталын (қорларды, дебиторлық қарызды, ақша ағындарын) басқару қарастырылған. Кәсіпорынды қаржыландырудың негізгі көздері, олардың ерекшеліктері мен құны қарастырылады; капитал құрылымы теориясында операциялық және қаржылық леверидждің әсеріне көп көңіл бөлінген. Қаржылық және нақты инвестцияларды басқару сұрақтарына: бағалы қағаздардың тиімді қоржынының құрылуына, инвестициялық жобалардың балама варианттарының жасалуына көп көңіл бөлінеді. Оқу құралы экономика мамандықтарындағы оқытушылар мен студенттерге арналған. Өнеркәсіптік және шағын кәсіпорындардың жетекшілері мен жұмысшыларына қаржы ресурстарын басқару кезіндегі мәселелерге байланысты ұйымның (кәсіпорын, компания, фирма) бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру үшін пайдалы.

Оқу құралында техниканың даму заңдылығын жобалау үрдісінің негізгі ұғымдары, жобалау кезеңдері, кен машиналарын жасаудағы жобалау жұмыстарын ұйымдастыру және атқару тәртібі, творчестволық әрекеттерді белсендіру әдістері мен адам факторы бағытын есепке алу келтірілген. Техникада қолданылатын жобалаудың қалаулы әдістері және конструкциялау әрекеттері суреттелген. Параметрлік жобалау және қатты денелі модельдеудің мысалында компьютерлік технологияның мүмкіншілігі көрсетілген. Оқу құралы "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" мамандығының "Кен машиналары мен жабдықтары" саласындағы оқитын студеенттерге арналған.

Оқу құралы құрылыс және сәулет мамандықтарының студенттеріне арналған типтік бағдарламаға сай жасалған. Оқу құралында көлеңкелерді сызбада салудың теориялық негіздері, қарапайым, негізгі және сәулеттік формалардың көлеңкелерін салу тәсілдері, гомология, сызықтық перспективаны салу тәсілдері, сәулетшілер тәсілі, тор тәсілі, интерьер перспективасы, көлеңкелерді перспективада салу атты тақырыптары баяндалған. Әр тақырып бойынша зертханалық жұмыстардың тапсырмалары мен әдістемелік нұсқаулар берілген. Оқу құралының соңында студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар берілген. Оқу құралы жоғары оқу орындарының 5В072900 "Құрылыс", 5В042000 "Сәулет", 5В042100 "Дизайн" мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.

Оқу құралында кеннің өзгеру жағдайы жайлы сараптама жүргізілген. Көмірсутектерді өндіру кезінде дүниежүзілік тәжірибе мәліметтері, мүмкіндік шынайы беретін жүріс деформациялық үрдістердің жердің қабаттарында техногендік факторлардың әсері, сондай-ақ көмірсутектерді өндірудің оптималды мүмкін жолдары қабат жағдайының минималды өзгертулері қарастырылған. Оқу құралы бұл авторлардың дүниежүзінің көмірсутектерін өндіру мағлұматтарын жинақтау көпжылдық ғылыми-практикалық зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Мұнайшылар және геофизиктер, геологтар үшін қызығушылық тудырады, сондай-ақ зерттеушілер және экология, сейсмология, қоршаған ортаны қорғау салаларының мамандарына арналған. Оқу құралы мұнай мен газ өнеркәсібінің мамандарына, магистранттарға арналған, сонымен қатар осы сала бойынша оқитын студенттерді дайындауға негізделген.

Учебное пособие составлено согласно Типовой учебной программе, утвержденной Министерством образования и науки Республики Казахстан, и в соответствии с требованиями ГОСО специальности, а также психологго-педагогических основ организации и проведения лабораторного занятия. Изложенные в пособии методы и средства выполнения лабораторных работ, а также формы представления результатов измерений и вычислений способствуют активизации мыслительной деятельности студентов по усвоению теоретических основ выполняемой лабораторной работы, организуют их самостоятельную работу по приобретению.