
Оқулық "Геолгия негіздері" оқу пәні бойынша профилі геологиялық емес университеттер мен өзге де жоғары оқу орындары үшін автордың өзі дайындап, 1999 жылы баспадан шығарған осы атаулы оқу курсының типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Ол геология пені негізгі оқу пәндерінің бірі болып табылатын жоғары оқу орындарының, олардың ішінде педагогикалық университеттердің жаратылыстану бағытындағы факультеттерінің мұғалімдері мен студенттеріне арналған. Оқулық геология ғылымының негізгі түсініктері мен қағидаларын ашып көрсете отырып, Жер планетасының құрылысы мен құрамы және оның геологиялық даму заңдылықтары жайлы оқырмандарға терең де жүйелі білім беру мақсатын көздейді.

Оқу құралында қара металлургия өнеркәсібіндегі кеннен таза металл алуға қатысатын негізгі механикалық жабдықтар қамтылған. Оның ішінде металлургиялық зауыттарға келін түскен ұсақ кенді ірілендіру. күйдіру, шойын және болат балқытуда колданылатын негізгі жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктері, олардың технологиялык тізбектегі аткаратын қызметіне байланысты қарастырылған. Оқу құралында механикалық жабдықтардың теориялык негіздері. атқаратын кызметі, конструкциялық ерекшеліктері, есептеу әдістері және басқару жүйелері берілген. Сонымен қатар, жабдықтарды тиімді және қауіпсіз қолдану жолдары анықталған. Оқу құралы Металлургия зауыттарынын механикалык жабдықтары" (2-бөлімі) пәнінің бағдарламасына сәйкес құрастырылды және металлургия машиналары мен жабдықтары 2408 мамандығына оқитын студенттерге арналған

Флотациялық процестің теориялық негізі-қазіргі кездегі физикалық химияның, қатты заттар физикасының және басқада ғылыми пәндердің деңгейі тұргысынан қаралып баяндалған. Флотациялық технологияның, реагенттік режимдердің, өндірісте қолданылатын флотомашиналар конструкцияларының және жабдықтардың, негізгі минералды шикізатгарды флотациялаудың өндірістік тәжірибелерінің өзекті мәселелері қаралған. Оқулық ”Пайдалы қазындыларды байыту” мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

Бұл оқулық электротехникалық және электротехникалық емес мамандықтар бойынша электроника, микроэлектроника және схемотехника пәндерін қазақша оқитын студенттерге арналған. Кітапта жартылай өткізгіш аспаптардың, оптоэлектроника элементерінің, транзисторлық және интегралдық күшейткіштердін, импульстік, цифрлық құрылғылардың, түзеткіштердің, генераторлардың жұмыс істеу принциптері айтылып, көрсеткіштері, схемалары берілген. Оқулықты жоғары техникалық оқу орны тыңдаушыларымен қатар техникалық колледждер оқушылары, студенттері де пайдалана алады.

Адам-коғамның эволюциясы-жер планетасының өзгерістерімен тығыз байланысты, әсіресе кейнгі мұз дәуірі соңында көптеген тайпалар, оның ішінде Гун /Жун, Сюн/, т. б. тайпасы жоғары сатыға көтерілген. Сол заманнан келе жатқан тау-кен орындары, таңбалы тас , оның қиасы, жұлдыздар аңызы, Тұран қақпасының пайда болуы туралы жазылған. Гундардың, кейінірек түріктілдес тайпалардың ғылымға жуық екендігі дәлелденеді. Бұл еңбек оқырмандар қауымына арналады және де жастар, әсіресе студенттер үшін де керек еңбек.

Окулықта кен орнының жерасты тәсілдерімен ашу, дайындау мәселелері қарастырылған. Жерасты кен қазу жүйелерінің сипаттамасы мен топтамасы, қазу жүйелерінің дайындық-тілме қазбалары, үнемдемелік көрсеткіштері, адамсыз қазу технологияның келешегі, қазу жүйесін талдау тәсілдері баяндалған. Оқулық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында таукен мамандыктарын меңгерін жүрген студенттерге арналған. Сондай-ақ, оқулықты тау-кен өндірісінде істеп жүрген мамандар да пайдалануы мүмкін.

Оку куралында электр тізбектері, трансформаторлар мен электрлік өлшеуіш аспаптары, электр машиналары және өнеркәсіптік электрониканың негіздері қарастырылған. Кітап жоғары OKY орындарының бейэлектротехникалык мамандықтарының студенттеріне арналған.

Техникалық прогрестің дамуы нотижесінде техниканың тілі деп аталатын халықаралық тіл болып есептелетін сызу пені пайда болды. Бұл пәнді меңгеру үшін оқулықтағы суреттерді сызу аспаптарының көмегімен, баяндалған ережелерді сақтай отырып, қалың ақ қағазға салуларың керек. Одан кейін жазық сызбаларына қарап, нерселерді кеңістікте көз алдарына слестетіп, оның пішініне толық талдау жасай алатындай болғанда, яғни пересиің сыртқы және ішкі көріністері мен ерекшеліктерін түсініп отырғанда ғана тиісті білім ала аласындар.

Кітапта қысқаша мұнай және газ кен орындарындағы жынысколлекторлардың түрлері мен қасиеттері, қабаттарды қазумен ашу, ашу әдістерә қаралған. Өнімді қабаттарды ашық оқпанда қабат сынағыштармен сынау және оның нәтижелерін талдау, ұңғылар құрылмаларын жобалау және шегендеуші құбырлар тізбектерін есептеу әдістемелері келтірілген. Тампонаждық материалдар мен цемент суспензияларының қасиеттерін реттеу және құбырлар тізбектерін цементтеу тәсілдері, қабаттарды екінші ашу-оларды сынау және игеру әдістері, сонымен қатар үңғыларды аяқтауда еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны ластанудан сақтау мәселелері қамтылған.

Инженерлік білімнің негізі болып есептелетін ғылымдардың бастысы сызба геометрия. Сызу техникалың тілі болса, сызба геометрия осы тілдің грамматикасы. Электрондық есеп тегіш машинаны / ЭЕМ / пайдалануға байланысты бүл пәннің маңызы арта түсті. Студенттер сызба геометрияны күнделікті өмірде шебер қолдана білулері қажет. ЭЕМ қолданып сызбаны салуға және оқуға дағдылану графикалық жұмыстары орындаудың нәтижесінде іске асады. Оқу құралында сызба геометрияның жаңа программасына сай студенттер орындайтын 3 эпюрге арналған тапсырмалар, оларға ұқсас есептерді шешудің жолдары, графикалық жұмыстарға қойылатын талаптар, сұрақтар келтірілген. Ол оқушыларды өз бетімен білім алуға, тиісті әдебиеттерді оқуға итермелеп, геометриялық мәлімметтерін және кеңістік ойлау қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі деп ойлаймыз.
Показано 3011–3020 из 3379