
Оқулықта геодезиялық-маркшейдерлік аспаптар, олардың метрологиялық қамтамасыз етілуі, техникалық сипаттамалары, негізгі конструкциялық ерекшеліктері, аспаптармен өлшеу әдістері, есептеулері және олардың нәтижелерінің дәлдігін бағалау жөнінде жалпы мәлімет берілген. Геодезиялық-маркшейдерлік аспаптардың стандарты, қазіргі заманғы спутниктік глобальды және навигациялық жүйелер, лазерлік сканерлер, электрондық теодолиттер мен тахеометрлер және сандық, лазерлік нивелирлердің оптикалық және механикалық құрылымдары толық қамтылған. Оқулық 050711 - "Геодезия және картография", 050903 - "Жерге орналастыру" және 050707 - "Маркшейдерия" мамандықтары бойынша оқу бағдарламасының негізінде дайындалған. Оқулық геодезия пәнін оқып-үйренетін тау-кен, геологиялық барлау, мұнай, құрылыс мамандықтарын даярлайтын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған.

Учебное пособие по учебному курсу "Геотектоника и геодинамика" разработан в соответствии с содержанием ГОСО РК, квалификационной характеристикой, типовой программой и учебным планом специальности 0507006 "Геология и разведка месторождений полезных ископаемых" (бакалавриат). Учебное пособие включает все разделы учебного курса, необходимые для обеспечения необходимых знаний у студентов по одноименной учебной дисциплине. Содержание учебного пособия предусматривает ознакомление студентов с ведущей ролью геотектонических процессов в формировании планеты Земля, ее литосферы и земной коры, а также основных структурных элементов земной коры. Учебное пособие предназначено для студентов старина курсов и магистрантов геологических специальностей высших учебных заведений, а также для всех, кто интересуется вопросами образования и развития обиталища Человечества - планеты Земля.

Жер қыртысын геофизикалық әдістермен зерттеудің негізгі мақсаты – Жер қыртысын құрайтын таужыныстардың құрамы, құрылысы, құрылымы және де олардың дамуын зерттеу; Жердің физикалық өрістерін өлшеу арқылы геологиялық ортаны зерттеп, пайдалы қазбаларды табу. Осы мақсатты шешу нәтижесінде геологиялық объектілерді тауып, олардың геометриялық мөлшерін бағалап, физикалық қасиеттері арқылы олардың геологиялық табиғатын анықтауға болады. Геофизикалық әдістер – жер қойнауын физикалық әдістер көмегімен зерттеу. Бұл әдістерді мұнай және газ, рудалық пайдалы қазба кенорындарын іздеуде кең қолданады. Геофизикалық әдістер негізінде таужыныстардың физикалық қасиеттерін зерттейді. Осы әдістерді немесе пайдалы қазба кенорындарын іздеп табуда (мысалы, темір рудаларын табу үшін таужыныстардың магниттік қасиеттерін зерттейді), мұнай мен газ жиналатын тұз күмбездер сияқты геологиялық құрылымдарды карталауда, немесе мұхит түбінің бедерін, континентальды және мұхиттық жер қыртысының құрылысын, т. б. геологиялық мақсаттарды шешуде қолдана аламыз. Мазмұны жағынан жұмыста келтірілген деректер «Геофизикалық әдістердің негіздері» пәнінен 5В070600 мамандығы бойынша арнайы жоғары білім беру стандартына толық сәйкес келеді.

В учебном пособии излагаются научные основы использования горных условий в системе активного отдыха студенческой молодежи. Предназначено для преподавателей физической культуры, студентов вузов.

В учебном пособии дается систематизированное изложение вопросов по использованию, управлению и защите водных ресурсов в Казахстане, облегчающих и обеспечивающих решение экологических проблем локального и регионального характера. В первой главе пособия рассматриваются физико-географические условия формирования водных ресурсов, состояние водного фонда, проблемы водообеспечения территории промышленного города, состояние систем подготовки централизованного водоснабжения, а также возможности использования подземных источников. Показана роль нормативно-методических документов в регламентировании качества воды. Приведены сведения о методах комплексной оценки качества воды. Показана система осуществления мониторинга водных ресурсов, являющейся основой для выработки экологически безопасных и экономически эффективных решений. Во второй главе рассматриваются вопросы, показывающие теоретические основы и технология улучшения качества воды. Подробно описаны способы использования реагентов в технологии очистки природных вод. В третьей главе рассмотрены основные источники загрязнений водоемов, системы водоотведения, организация, условия приема и сброса сточных вод в водные объекты, принцип работы общегородских очистных сооружений. Рассмотрены качественные характеристики воды, используемой для технологических процессов. В четвертой главе подробно рассмотрены методы защиты гидросферы от промышленных загрязнений существующих на сегодняшний день. Приведены способы очистки производственных стоков от суспензированных и эмульгированных примесей и рассмотрены наиболее часто применяющиеся в производственном цикле способы очистки. Пособие может быть рекомендовано для студентов обучающееся по специальностям экологического направления, безопасности жизнедеятельности и всем кто специализируется в области охраны окружающей среды, контроля и прогноза ее загрязнения.

Оқу құралында акустиканың принциптері мен жалпы элементтері, ашық кеңістік пен ғимараттарда акустикалық толқындардың таралу түрлері мен шарттары келтірілген. Оқу құралы өндірісті тиімді ұйымдастыру мен шудан қорғану іс-шараларын таңдауда бағдар беруге, тереңірек түсінуге көмектеседі. Өндірісте әртүрлі механизмдерден бөлінетін соққылы негіздегі, аэродинамикалық көздерден пайда болатын шулармен күресудің озық тәжірибелері келтірілген, әртүрлі нұсқадағы ғимараттарда шудың пайда болуы, таралуы кезінде оларды төмендету әдістері сипатталған, еркін атмосферада, қала аумағында шуды өлшеу мен бағалау әдістемелері берілген. Оқу құралы 5В073100 - "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандығында оқитын жоғары оқу орны студенттеріне арналған.

Ұсынылып отырған "Қазақ тілі" оқулығы техникалық жоғары оқу орындарының экология, су ресурсы, құрылыс-сәулет салаларындағы мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған. Оқулықтың басты мақсаты - мемлекеттік тілді техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне бағдарлы оқыту арқылы техникалық терминдердің мән-мағынасын түсіндіріп, меңгерту және оларды тәжірибеде еркін қолдану дағдысын қалыптастыру, кәсіби бағдарлы мәтіндердің мазмұнын түсініп оқуға машықтандыру, теориялық мәліметтер мен грамматикалық тапсырмалар арқылы қазақ тілінде сауатты қарым-қатынас жасауға үйрету.

Оқу құралы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарына арналған саясаттану пәнінің бағдарламасы негізінде "Мемлекеттік білім беру стандарттарына" сәйкес жазылған. XXX ғасырдың басындағы саяси ойлар, тұжырымдар негізінде мемлекеттің қалыптасуын бүгінгі күнмен салыстырмалы зерттелуі, саясаттанудың саяси технологиясын ашып көрсеткен. Оқу құралында Қазақстан Республикасындағы бүгінгі саяси процестерді талдап жаңа көзқарастар мен зерттеулерді ұсынады. Дайындалған еңбектің ғылыми мазмұны - жоғары жастар үшін тәрбиелік маңызы зор. Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистрлерге, оқытушыларға, сондай-ақ, саясаттанудың мәселелеріне қызығушылық танытатындардың барлығына арналған.

Оқу құралы 5ВО70900 - Металлургия мамандығының біліктілік сипаттамасына, типті және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес құрастырылған. Оқу құралында кейбір ауыр түсті, асыл, жеңіл және сирек металдардың қайтармалы және техногенді шикізаттарының өңдеуіне қатысты материал баяндалған. Соның ішінде, металл сынықтары мен қалдықтарының негізгі пайда болу көздері, олардың жіктелуі мен сипаттамасы қарастырылады. Металл сынықтары мен қалдықтарды металлургиялық өңдеуге дайындайтын негізгі және қосымша жабдықтардың құрылысы баяндалған, қазіргі уақытының сұлбалары келтірілген. Қайтармалы және техногенді шикізатты өңдеуінің қазіргі заманғы пиро- және гидрометаллургиялық әдістері, негізгі ауыр, сирек, жеңіл және асыл металдарды кесекті қалдықтардан, шлактардан, шаңдардан, шламдардан, өндірістік ерітінділерден, сонымен қатар басқа бірқатар қайтармалы және техногенді қалдықтардан өндіру процестерінің негізгі технологиялық сұлбалары мен аппаратуралық жабдықталуы жарықтандырылған.

Оқу құралында кен орындарын жерасты тәсілімен игеру кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар туралы мәліметтер келтірілген. Кітапты жазуға техникалық әдебиеттерде келтірілген мәліметтер және автордың көп жылғы өндірістегі, жоғары оқу орындарындағы қызметі кезінде жинаған құжаттары негіз болды. Кітапта кен орындарын жерасты тәсілімен игеру кезінде орындалатын тау-кен жұмыстарын қамтамасыз ететін маркшейдерлік жұмыстардың жүйеленген мазмұны және сипаттамасы, орындалу реті, әдістері, тәсілдері, қазіргі заманның талаптарына сай қажетті аспаптары, құрал-саймандары келтірілген. Оқу құралы жоғары оқу орындарында "Тау-кен ісі" мамандығының "Маркшейдерлік іс" бөлімінде оқитын студенттерге арналған. Ол тау-кен өндірісінде қызмет ететін инженерлік-техникалық мамандарға да пайдалы.
Показано 2251–2260 из 3379