
Бұл кітапта механикалық колонкалы барлама бұрғылаудын технологиясы және техникасы жөнінде толық мағлұмат келтірілген. Әр түрлі терендікке скважина бұрғылау үшін қолданылатын машиналар, құрал-саймандар, жуу сұйықтары және басқа жабдықтар жөнінде, бұрғылау жұмысын дұрыс жүргізудің тәртіптері туралы егжей-тегжейлі жазылған. Кітап скважина бұрғылау, мұнай, геологиялық барлау және геофизика мамандықтары бойынша жоғары оқу орнында оқып жүрген студенттерге оқулық ретінде ұсынылады.

Бұл кітап 1977 жылы жарық көрген «Барлама бұрғылау» атты оқулықтың екінші бөлімі. Кітапта тау жыныстарының физика-механикалык қасиеттері. олардын бұрғыланғыштықтары, бұрғылау жұмыстарының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерінің анықталу жолдары, тау жыныстарының талқандалу теориялары туралы түсініктер берілген. Тайыз скважиналарды бұрғылаудың технологиясы мен техникасы (шнекті, дірілдеме, соққылама және басқа бұрғылау тәсілдері) туралы толық мағлұмат келтірілген. Су алынатын скважиналарды бұрғылауға көп көңіл бөлінген. Бұрғылау тәсілдері, пайдаланылатын жабдыктар және гидрогеологиялық скважиналарды бұрғылауда қолданылатын құралдардың конструкциялары жазылған. Кітаптың негізгі бөлімі мұнай, газ кен орындарының терең скважиналарына арналып, жаңа техника мен үздік технологиялар және терең бұрғылау жұмыстарын ұйымдастырудың прогресшіл әдістері туралы жазылған. Бұл кітап жоғары оқу орындарында «Пайдалы қазындылары бар кен орындарын барлаудың технологиясы мен техникасы» мамандығы бойынша оқып жүрген студенттерге «Барлама бұрғылау» пәнінен оқулық ретінде ұсынылады. Сонымен бірге, ғылыми қызметкерлер мен өндіріс мамандарына да көмегін тигізер деген ойдамыз.

Оқулықта жерасты қазбаларын жүргізген кездегі жыныстар массивінде болатын механикалық процестер, олардың физикамеханикалық қасиеттері, кернеулі жағдайлары, бекітпелер конструкциясын таңдау жəне есептеу əдістері толығынан қарастырылған. Оқу материалдары əр тарауда жүйеленіп дəйекті түрде берілген, тау қысымының қалыптасу ерекшеліктері, қазбаларға түсетін жүктемелерді, бекітпелерді есептеудің əдістері толық түрде талданған. Оқулық техникалық жоғары оқу орындарының «Шахта жəне жерасты құрылысы», «Пайдалы кен орындарын жерасты əдісімен қазу» мамандықтарының Мемлекеттік стандартына, оқу бағдарламаларына сай жазылған. Оқулықтың тау–кен істері, геология мамандарына керек екені сөзсіз.

Бұл оқулықта жерасты құрылысында, жаңарту жұмыстарында қазу мен ескі шахталарды өңдеу, қалалық, тау-кен жөне өндіріс құрлыстарында қолданатын вертикальдық оқпандарды қазу технологиялық схемалары қаралып, оларды тереңдету тәсілдері келтірілген. Мұнда негізгі технологиялық процестер (таужыныстарын бұзу, арту, көтеру және желдету, су ағызу, тұрақты бекітпені орналастыру, арқалау, т.б. қосымша жұмыстар) толық талданған. Қоршаған ортаны қорғау мен еңбекті ұйымдастыру жұмыстары жайлы мағлұмат берілген. Жерасты құрылыс технологиясы жайлы оқулық тау-кен ісінің шахта құрылыс мамандығына, бакалавриатка сай, syllsbus пен оқу әдістемелік кешендері арқылы жазылған.

Оқу құралы мамандардың жұмыс жоспары мен осы пəннің жұмыс бағдарламасына жəне маманның дəрежелік сипаттамасына қойылған талаптарына негізделіп жазылған. Қазіргі кезде ЭЕМ-сіз , микропроцессорлық техникасыз жаңа заманғы өндірісті көзге елестету мүмкін емес. Өндірісте жұмыс циклін автоматтандыруда негізгі көңіл автоматтар мен жартылай автоматтарды жасауға бөлінеді. Техникалық (технологиялық) процестерді автоматтандыру механикалық құралдармен жүргізіледі. Өндірістік процестерді кешенді автоматтандыру, яғни ЭЕМ-ді кеңінен пайдалана отырып, автоматтық учаске, цех және зауыттар, өндірісті автоматты басқару жүйесін, сапаны басқару жүйесін, икемді роботты кешенін құру жатады. Бұл оқу құралында басқарудың теориялық мәселері берілген. Автоматтандырудың іс жүзінде қолданылып жүрген арнайы құрал жабдықтарына назар аударылады. Техникалық (технологиялық) процестердің автоматтандырылған жүйелерін микропроцессорлық техника негізінде құру принципі жан-жақты қарастырылған. Оқу құрал 050704-Программалық қамтама жəне есептеуіш техника, 050703-Ақпараттық жүйелер мамандықтарының студент-теріне арналған.

Бұл оқулық - «Инженерлік еңбектің социологиясы» пәні бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш еңбек. Мұнда социология ғылымының негізгі түсініктері мен оның құрылымы, функциялары, танымдық-тәрбиелік маңызы қарастырылған. Оқулықтың басты мақсаты - инженерлік еңбектің сипаты мен нарықтық қатынас жағдайында инженерлік техникалық мамандыққа қатысты өзекті проблемаларды шешу жолдары мен тәсілдеріне оқу процесінде болашақ инженерлердің назарын аудару.

Техникалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге қазақ тілін оқытуға арналған мəтіндер мен жаттығулар жинағы кредиттік жүйеге сəйкес орындалды. Еліміздің болашақ мамандарының кəсіби деңгейде мемлекеттік тілде жатық сөйлей білуі, бір-бірімен өндіріс, өнеркəсіп туралы ашық пікірлесе алуымен өлшенер болса, бұл оқу құралы осы мақсатты жүзеге асыруға көмек бола алады. Жұмыста оқытушы мен студенттің өзіндік жұмыстарын, мəтіндер мен жаттығу жұмыстарын ғылыми, танымдық, тəрбиелік мəндері арқылы жүзеге асыру көзделген. Техникалық мамандықта оқитын студенттерге сөз тіркестері мен термин сөздерді сөйлеу лексиконында қолдана отырып меңгерту, оны кəсіби бағытта арналып жазылған мəтіндер мен жаттығу жұмыстары арқылы байытып, жетілдіру оқу құралының басты мақсаты. Оқу құралын техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына қазақ тілін оқытуда пайдалануға болады.

Кітапта қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне модуль арқылы үйрету мәселесі теориялық және әдістемелік жақтан жанжақты қарастырылады. Ұсынып отырған еңбек әдістеме саласы бойынша ғылымизерттеу жұмысын жүргізуші аспиранттар мен магистрлерге, жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттері мен ұстаз-әдіскерлерге, жоғары оқу орындарының орыс бөлімдері студенттеріне мемлекеттік тілді үйретіп жүрген оқытушыларға арналған.

Оқулықта кен қазбаларының міндеті мен топтамалары, таужыныстарының негізгі физика-механикалық және кентехникалық сипаттамалары, олардың қазба тұрақтылығына көрсететін әсері жөнінде мәліметтер берілген. Жыныс сілемдерінің кернеу жағдайы, қазбаларға түсетін тау қысымы және оны анықтау тәсілдері, бекітпе материалдары мен бекіту құрылымдары қаралған. Жазық, көлбеу және тік кен қазбаларын жүргізу технологиялары мен техникалары және жұмысты ұйымдастыру процестері баяндалған. Оқпанмен түйісетін және камералық қазбаларды қазу технологиясы келтірілген. Қазбаларды арнайы әдістер арқылы жүргізу жолдарына көңіл аударылған. Оқулық жоғары оқу орындарының тау-кен ж мамандарына арналған, сондай-ақ басқа да «Кен қазбаларын жүргізу» мәтінін оқитын мамандар керекті материалдарын таба алады.

Оқу құралында құрылыста пайдаланылатын бейорганикалық, органикалық, композитті материалдардың қасиеттері мен олардың пайдаланылуы қарастырылған. Мұнда түрлі құрылыс материалдары мен бұйымдар бір ізді баяндалды: алдымен материалға жалпы түсінік беріліп, əрі қарай ол қандай шикізаттан жасалып, қалай өндірілетіні, алынған заттың, бұйымның қасиеттері мен олардың қай жерде қолданылатыны айтылады. Осы бірізділікті сақтай отырып, əр тарауда қаралған құрылыс материалдарының сапасы – оның құрамы мен құрылымына байланыстылығы жəне оларды өзгерту арқылы қажетті қасиеттері бар бұйым өндіруге болатындығына көңіл аударылды. Оқу құралы “Құрылыс материалдары” пəнінің бағдарламасына сəйкес, мына құрылыс мамандықтарына арналып жазылған: 050729 “Құрылыс”, 050730 “Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру”, 050420 “Сəулет”, 050506 “Экономика”, 050507 “Менеджмент”, 050732 “Стандартизация, метрология жəне сертификация”, 050720 “Ағаш өңдеу технологиясы” пəндері бойынша студенттерге құрылыс материалдар мен бұйымдар туралы білім береді.