
Өзіндіксіз элементтер туралы түсінік беріліп, центрлік проекциялаудың инварианты болатын күрделі және ғажайып қатынастар баяндалған. Толық төртбұрыш теоремасы дәлелденген. Полярлық сәйкестік пен жазықтықтың абсолюті анықталған. Сызықтық перспективада нүктелер, түзулер және жазықтықтар қалай кескінделетіні көрсетіліп, олардың перспективаларына талдаулар жасалған. Перспективада негізгі позициялық және метрикалық есептер шешілген. Өзара перпендикуляр түзу мен жазықтықтың перспективасы туралы теорема тұжырымдалып, дәлелденген. Оқу құралы сызба геометрия оқытушылары мен магистранттарына, құрылыс және сәулет мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.

Оқулық Мемлекеттік стандарттардың, типтік ж-е жұмыс оқу бағдарламаларының "Шахта ж-е жерасты құрылысы" маман. квалификациялық сипаттамаларының талаптарына сәйкес жазылған. Оқулықтың мақсаты - тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау үрдістерінен баянды теориялық білім ж-е тәжірибелік бағдар беру. Оқулықта жерасты кешендерін жобалаудың мәні мен өзгешеліктері, жобалау әдістері мен кезеңдері, жобалық құжаттардың құрамы ж-е кешендердің жобалық параметрлерін анықтау жолдары толық талданған. Сонымен қатар, жобалық тапсырмаларды шешу әдістері мен құрылыс жұмыстарын рационалды түрде ұйымдастыру мен жүргізу тәсілдері келтірілген. Теориялық баяндамалар нақты мысалдармен толықтырылған. Бұл оқулықтың құндылығын арттырып, тәжірибелік, курстық ж-е дипломдық жұмыстарды орындағанда да қолдануға мүмкіндік тудырады. Оқулық "Шахта ж-е жерасты құрылысы" маман. бойынша білім алушы бакалаврларға арналған, сонымен қатар магистранттар мен PhD докторанттары да пайдалана алады.

Қазіргі кездегі физикалық химия күрделі математикалық аппаратқа сүйенетін ғылым және сонымен қатар, химия ғылымының дамуына байланысты информация көлемінің өсуі де жоғары техникалық оқу орындарының төменгі курс студенттерінің оны тез меңгеруін қиындатады. Бұл оқу құралының негізгі мақсаты-студенттердің физикалық химияның материалдарын бір оқығаннан ұғыну үшін қажет химияның фундаменталдық теориялары мен қағидаларын жүйелі түрде түсінікті тілмен беру. Басқа оқу құралдарынан ерекшелігі негізгі материалдар орта мектептің бағдарламасынан кейін студенттің өз бетімен оқып меңгеруіне негізделген. Оқу құралы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің металлургия, материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандықтарының студенттеріне жалпы және физикалық химия курсы бойынша оқылған лекциялар негізінде жазылды. Кітап химияны қазақ тілінде оқитын басқа мамандықтардың студенттеріне де пайдалы.

Ұсынылып отырған оқу құралы химия курсының жалпы тарауларын қамтиды. Оқу құралында химияның негізгі заңдары, химиялық байланыс теориялары, химиялық кинетиканың негізгі заңдылықтары, атом құрлысының қаасиеттері мен тотығу-тотықсыздану реащиялары, сонымен қатар элементтер химиясы туралы да кеңінен айтылған. Барлық тараулар бойынша есептердің шығарылу жолдары және студенттің өздігінен шығаруына есепттер келтірілген.Оқу құралы, негізінен, техникалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге арналған. Сонымен бірге оны басқа да мамандықтардағы студенттер де пайдалана алады.

В монографии изложены разработанные автором методы структурнокинематического синтеза пространственных рычажных механизмов по заданным положениям входного и выходного звеньев, а так же рассмотрены задачи синтеза механизма по перемещению тела в пространстве. В теоретическом плане предлагается новый подход к проектированию пространственных механизмов, согласно которому процесс проектирования основываются на кинематическом синтезе четырехзвенной исходной кинематической цепи и присоединяемых кинематических цепей или двухэлементных звеньев. Монография предназначена для инженеров и исследователей в машиностроении, а так же преподавателям, студентам, магистрантам и докторантам машиностроительных специальностей.

Оқу құралында геодезиялық аспаптар, олардың стандарты, метрологиялық қамтамасыз етілуі, техникалық сипаттамалары, негізгі конструкциялық ерекшеліктері, аспаптармен өлшеу әдістері, есептеулері және олардың нәтижелерінің дәлелдігін бағалау жөнінде жалпы мәлімет берілген. Геодезиялық аспаптардың стандарты, қазіргі заманғы ғаламдық жерсеріктік және навигациялық жүйелер, лазерлік сканерлер, электрондық теодолиттер мен тахеометрлер және сандық, лазерлік нивелирлердің оптикалық және механикалық құрылымдары толық қамтылған. Оқу құралы геодезия және геодезиялық аспаптар пәндерін оқып-үйренетін, геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр, тау-кен, геологиялық барлау, мұнай, құрылыс мамандықтарын даярлайтын жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған.

Оқу құралында пән курсының мазмұнына қатысты жерсеріктік навигациялық жүйелердің негізгі бағыты, міндеті, студенттердің GPS -пен жұмыс жүргізуіне қатысты, Жер серігінің радионавигациялық жүйелері туралы деректер келтірілген. Сонымен қатар, қолданылатын құралдардың негізгі конструкциялық ерекшеліктері ж-е жерсеріктік өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалау әдістері мен жалпы теориялық негізі қамтылған. Оқу құралы "Жерсеріктік навигациялық жүйелері" пәні бойынша " 050711 - Геодезия ж-е артография", мамандығына, лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған.

Оқу-әдістемелік құрал техн. жоғары оқу орынд-да оқытылатын барлық маман. б-ша бакалавриат бөлімінің типтік оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Мұнда "Жоғары математика" курсының "Көп айнымалылар функцциясының дифференциалдық ж-е интегралдық есептеулері. Қатарлар. Дифференциалдық теңдеулер" бөлімдері б-ша алдымен теориялық сұрақтар (лекция), содан соң әдіс. нұсқаулар, студент-ге аудиторияда берілеттін есептер ж-е студент-ң өзіндік жұмыс тапсырмалары берілген. Оқу-әдістемелік құралы жоғары техн. оқу орынд-ң студенттері мен оқытушыларына арналған.

Сборник задач предназначен для самостоятельного овладения методами решения типовых задач по заключительным разделам курса общей физики для будущих бакалавров техники и технологий: специальной теории относительности, основам квантовой теории, атомной физики, физики молекул и конденсированного состояния, физики ядра и элементарных частиц, астрофизики и космологии. Книга содержит свыше 700 задач, разнообразных как по содержанию, так и по трудности. Наряду с задачами, иллюстрирующими основные понятия и законы и относящимися к основному обязательному курсу, в сборник включены и более сложные задачи, помогающие углубленному изучению предмета. Учебное пособие составлено с учетом Государственных стандартов технических специальностей бакалавриата и рассчитано на студентов технических вузов и преподавателей общей физики.

Ұсынылып отырған мемлекеттік тілдегі алғашқы оқу құралында "Инвестициялық талдау", "Инвестициялық жобаларды басқару" және "Басқаруды талдау" курстарынан құрамдас беріліп, жеке-дара зерттелініп, соның пәні ретінде жазылды. Оқу құралының негізгі мақсаты - инвестиция менеджментінің қазіргі экономикаға сай инвестицияның теориялық анықтамасы, қызметтік әдістемелері, ұйымдастырушылық басқаруы мен инвесстициялық жобалардың сапалық-экономикалық көрсеткіштерінің модельдерін егжей-тегжейлі қарастыру. Оқу құралы қазіргі экономикалық оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына арналған, сондай-ақ, кәссіби мамандардың, әсіресе банк қызметкерлері мен қаржы саласы мамандарының қызығушылығын туғызуы тиіс.