
Оқу құралы, геологиялық барлау саласы экономикасының теориялық негіздерін қамтиды. Өндірістік, еңбек қорларына, негізгі және айналымдағы қаражаттарға, геологиялық ұйымдардың еңбекақысына қатысты мәселелерге аса көңіл бөлінеді. Геологиялық барлау өнімдерінің өзіндік құны, өндірістен түсетін пайда, өндіріс тиімділігі мен жоспарлау ерекшеліктері қарастырылады. Жер қойнауын пайдалану қатынастарын мемлекеттік реттеу және оның құқықтық негіздеріне, жер қойнауын геологиялық зерттеуге, жобалардағы кезеңділікке, қаржыландыруға назар аударылады. Инвестициялауға, кенорындарын геологиялық бағалауға, баға қалыптастыруға, салық салу және геологиялық барлау жұмыстарының экономикалық тиімділігіне де ерекше көңіл бөлінеді.

Книга включает общие закономерности физической химии дисперсных систем и поверхностных явлений, методов их получения и изучения. Широко рассматриваются такие поверхностные явления как адсорбция, а также кинетические свойства дисперсных систем, электрокинетические явления и оптические свойства коллоидных систем. Особо выделен материал о микрогетерогенных системах, имеющих важное значение для химического образования: суспензии, эмульсии и пены. Рассмотрены также коллоидно-химические и специфические свойства и особенности растворов высокомолекулярных систем. Книга предназначена в качестве учебника для студентов химико-технологических специальностей очной и заочной форм обучения, а также для преподавателей колледжей

Жоғары техникалық оқу орындары студенттерінің барлық мамандықтарына арналған "Қазақ тілі" пәні бойынша жазылған оқу құралы Қазақстанды, Қазақ елін таныту, олардың мектептен "Қазақ тілі", "Қазақстан тарихы" пәндерінен алып келген білімдерін тереңдетіп оқыту, ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін толықтыруға бағытталған. Әр маман, әр жас буын, әр азамат өзінің туып-өскен елінің, туған жерінің даму тарихын, қалыптасуын, басты ұлттық құндылықтарын, мәдениетін, өнерін, ғылымын, әдебиетін, салт-дәстүрін, экономикасын, экологиясын, ұлы тұлғаларын, ойшыл даналарын, ел қорғаған батырларын, елінің өркениетке өрлеу жолын және т.б. қыры мен сырын жетік білуге тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, ұсынылып отырған оқу құралындағы бірінші мақсат - мемлекеттік тілді күнделікті тұрмыс-тіршілікте қатынас құралы ретінде пайдалану, екіншісі - Қазақ елін жан-жақты, сан-салалы жақтарынан таныту. Осыған орай осы талаптардың барлығы жұмыста мазмұнды, жүйелі, ғылыми түрде қамтылған. Оқу құралы тақырыптардың берілуімен, қатысымдық сұрыпталуымен, танымдылығымен ерекшеленеді.

Оқу құралы 4 бөлімнен тұрады. Алдымен жарылғыш заттарға жалпы түсінік және теориялық тұжырымдарынан, жарылыс кезіндегі физика-химиялық әрекеттері мен құбылыстарына, оның қолданылуына сипаттама берілген. "Жарылыс құралдары тарауында - жарылғыш заттардың қолданылуы және олардың әрқайсысымен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігі қамтылған. "Оқтаманы жару тәсілдер" тарауында жару жұмыстарын ұйымдастырумен қатар, әр оқтаманы тиімді пайдалану жайлы айтылады. Оқу құралының мақсаты - жарылғыш заттар және оларды дұрыс қолдану мен оларды өндіру технологиясын жете меңгеру. Сонымен қатар, жарылыс қуатын қолдана отырып, кен жынысын қажетті көлемде ұсақтау арқылы тиеп-тасымалдау жұмыстарын жеңілдету. Оқу құралы "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы бойынша, сонымен қатар мұнай-газ, геологиялық барлау, машинажасау, тау-кен институттарының студенттері мен магистранттарының білімдерін жетілдіруге ықпал етеді.

Оқу құралында жер қоры және мониторингі жайлы жалпы түсінік беріліп, жер мониторингінің түрлері, оны жүргізу тәртібі көрсетілген. Сонымен қатар, жердің сандық жай-күйін бақылау, яғни жерді түгендеу тәәртібі келтірілген. Ауылшаруашылық және қала жерінің мониторингін жүргізу тәртіптері мен ерекшеліктері берілген. Қазақстан Республикасы жерінің экологиялық күйі сипатталған және жерді қорғау шаралары қарастырылған. Оқу құралы "Жерге орналастыру", "Кадастр", "Геодезия және картография", "Қоршаған ортаны инженерлік қорғау" мамандықтарының студенттері мен магистранттарына, сонымен қатар, жер ресурсттарын қорғау және тиімді пайдалану мәселелерімен айналысатындардың барлығына арналған.

Көмекші оқу құралы университеттердің, институттардың инженер-техникалық, инженер-экономикалық, экономикалы жоғары оқу орындары студенттеріне - математика курсының негізгі бағдарламасына сай сәйкестенддіріліп жазылған. Сонымен қатар, бұл құралды мектептің жоғары сынып оқушылары да, сырттай оқитын студенттер де пайдалана алады.

Оқулықта техникалық жоғары оқу орны студенттеріне мемлекеттік тілдің грамматикалық қырларын қашықтықтан меңгерту мәселесі көтерілген. Қашықтықтан оқу студенттен шығармашылық ізденістерді қажет етеді. Оқытудың өзі нәтижеге бағытталған білім беру болғандықтан, қашықтықтан үйретуге байланысты тапсырмалар, практикалық жаттығулар, тест сұрақтары берілген. Өзге ұлт студенттерінің ерекшелігін, қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, танымдық көзқарастарын кеңейтетін мәтіндер алынды. Тіл үйренушілерді қазақ тілінің нәрімен сусындатып, адамгершлігі жоғары, талғамы биік азамат ретінде қалыптастыру мақсаты көзделді.

Ұсынылып отырған оқулық әртүрлі күрделі жүйелердегі процестерді компьютермен модельдеу және талдаудың негіздері мен әдістерін, математикалық аппаратын, типтік математикалық сұлбаларын оқып үйренуге және компьютермен модельдеу мен талдау нәтижелерін әртүрлі қызмет салаларында қолдану тәсілдерін игеруге арналған. Оқулық "Ақпараттық жүйелері", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасы" мамандықтарының, ақпараттық технологияларды қолдану және әртүрлі процестерді компьютермен басқару салаларында мамандық алатын басқа да студенттер, магистранттар және докторанттарға бағытталған. Сонымен катар, бұл кітап компьютермен модельдеуді өз жұмысында қолданатын инженерлерге және басқа мамандарға біраз жаңа ақпарат бере алады.

Материалдар-металды материалдардың сыртқы орталарымен өзара әсерлесуінің салдарынан әр түрлі бұзылыстарға ұшырайды. Демек, металды материалдарда химиялық және электрохимиялық коррозия жүреді. Осы коррозиялық процестердің салдарынан пайда болатын бұзылу түрлерін, яғни механикалық бұзылу, механикалық тозу (үйкелу) салдарынан болатын материалдардың эрозиясы мен коррозиясын қарастырады. Сонымен қатар, химиялық және электрохимиялық коррозияның теориялық негіздерін, электродты процестердің кинетикасы мен термодинамикасын, коррозиялық процестердің классификациясын, коррозия процесінің жүруіне әсер ететін әр түрлі факторлардың әсерлерін де береді. Мұнда түрлі жағдайлардағы коррозияны және металл материалдарын коррозия түрінен қорғау әдістерін толық қарастырады. Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы материалтану және жаңа материалдардың технологиясы, металлургия және машинажасау мамандықтары студенттеріне арналған.

Оқулықта жер қыртысындағы шөгінді, магмалық, метаморфтық тау-жыныстардың пішіндері, қатпарлар меп жарылысты бұзылыстар, қатпарлы зоналар, платформалар мен шеткі ойыстар құрылымдары қарастырылған Геологиялық карталар олардың номенклатурасы жайлы мағлұматтар баяндалған Оқулық көлеміндегі қолданылған арнайы терминдердің глоссарийлері мен қазіргі күндегі қолданыстағы қазақша атаулары берілген. Кестеллермен және суреттермен безендірілген.Оқулық геологиялық мамандық бойынша білім алатын студенттерге, магистранттарға, геолог-практиктерге арналған.