
Оқу құралында машинажасау технологиясы пәніне қатысты өндірісті техникалық тұрғыда даярлау мәселелерінің өзекті сатылары қарастырылған. ҚР Үкіметінің саясатын жүзеге асыруда отандық өнімнің бәсекелестік қасиетін жоғарылату үшін, сонымен қатар шетел өнімдерінің орнына өзіміздің өнеркәсіп кәсіпорындарында шығарылатын өнімдердің дәрежесін көтеру үшін машинажасау технологиясындағы деталдарды механикалық өңдеу үрдістерін көп мақсатты станоктарда жете қолдану өте өзекті мәселелердің қатарына жатады. Осы заманғы көп мақсатты станоктар - күрделі әрі қымбат тұратын жабдық. Сондықтан да олардың бар мүмкіндігін толық, тиімді пайдалану қажет. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны машинажасау кәсіпорындары цехтарының, бөлімдерінің жұмысына барынша жақындатылған өндірістік шеберханаларда жұмыс істей білу үшін теориялық білім алуға және тәжірибелік машықтануға бағытталған және қолданыс табуын қорытындылай келіп, студенттердің өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін жоғарылатады әрі толықтырады. Қазіргі заманғы өндірісшінің (слесарь, жұмысшы, конструктор, технолог, метролог) өнеркәсіптік өнімді шығарудағы орны мен рөлін бағалауға себеп болады. Оқу құралы колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

Ұсынылып отырған оқу құралы – техникалық, технологиялық, педагогикалық және экономикалық жоғары оқу орындарында оқылатын ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика курсының типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жазылған. Әрбір дәрісте теориялық мағлұматтар дәлелдеуімен, формулалары келтіріліп шығарылып берілген, есептерді шығару үлгісі және өзіндік жұмыс тапсырмалары ұсынылған. Оқу құралы оқытудың кредиттік технологиясы талаптарына сай жазылған. Оны жоғарыда аталған амандықтардың студенттері мен оқытушылары пайдалануына болады.

В учебное пособие изложены теоретические основы экономики предприятия. Значительное место уделено производственным, трудовым ресурсам, основным и оборотным средствам, заработной плате предприятий. В учебном пособии рассматривается современный механизм, обеспечивающий жизнедеятельность предприятия в условиях рынка и конкуренции, изучение которого поможет решать текущие и стратегические хозяйственные задачи неизбежно возникающие не только в работе экономистов, но и других специалистов производственного сектора. Рассмотрена специфика себестоимости продукции, прибыли, рентабельности, планирования предприятий Уделено большое внимание государственному регулированию экономических отношений и его правовым основам, финансированию и инвестированию предприятий, генообразованию, налогообложению и экономической эффективности работ на предприятии. Учебное пособие по курсу «Экономика предприятия» предназначен для студентов, магистрантов интересующихся проблемами развития экономики производства продукции, оказания услуг и работ для различных отраслей промышленности.

"Электр энергетика жүйелерінің сенімділігі" пәніне арналған оқу құралында қарастырылған мәселелер: ықтималдылық теориясынан және математикалық статистикадан қысқаша мағлұматтар; сенімділік теориясында кездесетін негізгі терминдер мен анықтамалар; қалыпқа келтірілмейтін және қалыпқа келтірілетін жүйелердің сенімділік көрсеткіштері; күрделі жүйелердің сенімділігін есептеу тәсілдері; сенімділік сынақтарының түрлері, сынақ жоспарлары және жүйелерді сенімділік сынақтарынан өткізу; эсплуатациялық сенімділіктің негізгі мәселелері. Сонымен қатар, оқу құралында теориялық материалдарды пысықтауға арналған практикалық жаттығулар мен статистикалық өңдеу жұмыстарын орындауға арналған тапсырмалар қарастырылған. Оқу құралы электр энергетика мамандығы бойынша оқитын студенттер мен магистранттарға арналған. Сонымен қатар, оқу құралы сенімділік мәселелерімен айналысып жүрген басқа да мамандықтардың студенттері мен магистранттарының білімдерін жетілдіруге ықпал етеді.

Оқулықта өндірістік басқару нысандарының дәл математикалық моделін алуға мүмкіндік беретін техникалық тәжірибе теориясы және практикасымен байланысты негізгі мәселелер жүйелі баяндалған. Активті және пассивті тәжірибе нәтижелерін қолдану негізінде нысандарды идентификациялау әдістеріне басты назар аударылды. Қарастырылған әдістерді шешу алгоритмдері сандық нәтижелерді алуға алып келді. Материалды баяндауда электр энергетикасы облысынан біраз мысалдар қарастырылды. Оқулық ЖОО-ның 6М071800 "Электр энергетикасы" мамандығы магистранттарына арналған.

Оқу құралы қаржы және экономикалық мандықтары бойынша тілдік емес жоғарғы оқу орындарының қазақ бөлімінің студенттеріне, ағылшын тілін экономика және қаржы мамандықтары бойынша өз тәжірибесінде қолданып жүрген студенттерге арналған. Оқулық 14 бөлімнен тұрады, ұйымдастыру және қаржылық банктік жүйенің жұмыс істеуінің негізгі мәселелерін қамтиды. Оқулық студенттерді мамандық бойынша кәсіби тақырыптарда әңгіме құрастыруға жетелейді. Берілген жаттығулар жүйесі студенттердің барлық тілдік дағдылары бойынша қабілеттерін толық қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

"Автоматика негіздері" оқулығы екі бөлімнен тұрады: "Сызықты автоматты басқару теориясының негіздері", "Автоматиканың құрылғылары және элементтері". Оқулық материалы автоматты басқарудың сызықты теориясы, автоматика құрылғылары және элементтері бойынша, сонымен қатар коммуникациялық жүйелер бойынша берілген. Оқулықта автоматикада жиі кездесетін шартты белгілеулер, Маtlab бағдарламалық өнімінің Siimulink кітапханасының қолданылуы мен модельдеу негізі берілген. Оқулық 5В074600 - "Ғарыштық техника және технологиялар", 5В071600 -"Аспап жасау" мамандықтары бойынша оқитын бакалаврлар үшін арналған және 5В070200 - "Автоматтандыру және басқару" мамандығының студенттері үшін де қолданылуы мүмкін.

Оқу құралында өлшеу жүйесінің негізгі ұғымдары, құралдары, тәсілдері, сондай-ақ түрлі электрлік емес шамалардың ерекшеліктері қарастырылған. Құрылғы жөнінде, олардың қолданылуы, қосылу сұлбалары және өлшеу құралдары мен өлшеу түрлендіргіштерінің қателіктері туралы мәліметтер берілген. Сонымен қатар, микропроцессорлық құралдардың негізгі элементтері келтірілген. Оқу құралы 050716 - "Аспапжасау" мамандығы бойынша оқитын бакалаврлар және ақпараттық-өлшеу техникасы мен технологиясы саласына мамандандырылатын жоғары оқу орындары студенттеріне арналған.

Оқулықта адам, жануар және микроорганизмдермен өмір сүретін ортаның өзара әсерлесуінің жалпы заңдылықтары, қоршаған ортаға антропогендік әсер етуге байланысты мәселелері, табиғатты қорғау қызметі саласында элементарлық түсініктер, әдіс-айлалар мен ыңғайларды қалыптастыруды, студенттердің санасын, көзқарасын, қоршаған ортаға түсінікті және саналы қатынас деңгейін көтеру талаптары қамтылған. Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарға және осы саладағы мамандарға арналған.

Оқу құралында компрессорлық станциялардың (КС) табиғи газды сығу үшін пайдаланатын газ турбиналы ортадан тепкіш айдағыштарға байланысты мәселелер қарастырылған. Газ турбиналы газ айдағыш агрегаттарды пайдаланатын компрессорлық станцияларға жеке нысан есебінде сипаттама берілген. Сондай-ақ, әртүрлі таңғыштардағы газ айдағыш агрегаттардың (ГАА) қосылуындағы компрессорлық станциялардың технологиялық сұлбалары; газ турбиналы қозғалтқыштардың және газ айдағыш агрегаттардың түрлері; газ құбыры мен газ турбиналарының және газ айдағыштардың арасындағы өзара байланыстары қарастырылған. Газ айдағыш агрегат құрылымдарының ерекшеліктері және олардың сипаттамалары келтірілген. Газ айдағыш агрегаттарды пайдалану процесінде оның техникалық күйін және қуатын анықтаудың әдістері мазмұндалған. Компрессорлық станциялардағы газ айдағыш агрегаттарды пайдаланудағы сенімділік және тиімді көрсеткіштерге, қоршаған ортаны қорғауға және техникалық қауіпсіздікке назар аударылған. Бұл кітап оқу құралы ретінде - мұнай-газ мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Сонымен қатар, оны басқа жоғары оқу орындарындағы мұнай-газ кәсіпшілігіндегі машиналар мен жабдықтарды оқитын студенттерге де пайдалануға болады.