
"Автоматика негіздері" оқулығы екі бөлімнен тұрады: "Сызықты автоматты басқару теориясының негіздері", "Автоматиканың құрылғылары және элементтері". Оқулық материалы автоматты басқарудың сызықты теориясы, автоматика құрылғылары және элементтері бойынша, сонымен қатар коммуникациялық жүйелер бойынша берілген. Оқулықта автоматикада жиі кездесетін шартты белгілеулер, Маtlab бағдарламалық өнімінің Siimulink кітапханасының қолданылуы мен модельдеу негізі берілген. Оқулық 5В074600 - "Ғарыштық техника және технологиялар", 5В071600 -"Аспап жасау" мамандықтары бойынша оқитын бакалаврлар үшін арналған және 5В070200 - "Автоматтандыру және басқару" мамандығының студенттері үшін де қолданылуы мүмкін.

Оқу құралында өлшеу жүйесінің негізгі ұғымдары, құралдары, тәсілдері, сондай-ақ түрлі электрлік емес шамалардың ерекшеліктері қарастырылған. Құрылғы жөнінде, олардың қолданылуы, қосылу сұлбалары және өлшеу құралдары мен өлшеу түрлендіргіштерінің қателіктері туралы мәліметтер берілген. Сонымен қатар, микропроцессорлық құралдардың негізгі элементтері келтірілген. Оқу құралы 050716 - "Аспапжасау" мамандығы бойынша оқитын бакалаврлар және ақпараттық-өлшеу техникасы мен технологиясы саласына мамандандырылатын жоғары оқу орындары студенттеріне арналған.

Оқулықта адам, жануар және микроорганизмдермен өмір сүретін ортаның өзара әсерлесуінің жалпы заңдылықтары, қоршаған ортаға антропогендік әсер етуге байланысты мәселелері, табиғатты қорғау қызметі саласында элементарлық түсініктер, әдіс-айлалар мен ыңғайларды қалыптастыруды, студенттердің санасын, көзқарасын, қоршаған ортаға түсінікті және саналы қатынас деңгейін көтеру талаптары қамтылған. Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарға және осы саладағы мамандарға арналған.

Оқу құралында компрессорлық станциялардың (КС) табиғи газды сығу үшін пайдаланатын газ турбиналы ортадан тепкіш айдағыштарға байланысты мәселелер қарастырылған. Газ турбиналы газ айдағыш агрегаттарды пайдаланатын компрессорлық станцияларға жеке нысан есебінде сипаттама берілген. Сондай-ақ, әртүрлі таңғыштардағы газ айдағыш агрегаттардың (ГАА) қосылуындағы компрессорлық станциялардың технологиялық сұлбалары; газ турбиналы қозғалтқыштардың және газ айдағыш агрегаттардың түрлері; газ құбыры мен газ турбиналарының және газ айдағыштардың арасындағы өзара байланыстары қарастырылған. Газ айдағыш агрегат құрылымдарының ерекшеліктері және олардың сипаттамалары келтірілген. Газ айдағыш агрегаттарды пайдалану процесінде оның техникалық күйін және қуатын анықтаудың әдістері мазмұндалған. Компрессорлық станциялардағы газ айдағыш агрегаттарды пайдаланудағы сенімділік және тиімді көрсеткіштерге, қоршаған ортаны қорғауға және техникалық қауіпсіздікке назар аударылған. Бұл кітап оқу құралы ретінде - мұнай-газ мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Сонымен қатар, оны басқа жоғары оқу орындарындағы мұнай-газ кәсіпшілігіндегі машиналар мен жабдықтарды оқитын студенттерге де пайдалануға болады.

В настоящем учебном пособии раскрываются сущность и принципы приближенного определения широты, долготы и азимута по наблюдениям Солнца и Полярной звезды. Приводятся данные по приборному обеспечению измерений, результаты выполнения вычислений. Пособие может быть использовано специалистами в области геодезии и картографии, земле- и лесоустройства, дистанционных методов зондирования, экологии и природопользования, преподавателями вузов, научными работниками, аспирантами и студентами картографических, геодезических, географических, политехнических вузов.

Оқулықта геодезиялық-маркшейдерлік аспаптар, олардың метрологиялық қамтамасыз етілуі, техникалық сипаттамалары, негізгі конструкциялық ерекшеліктері, аспаптармен өлшеу әдістері, есептеулері және олардың нәтижелерінің дәлдігін бағалау жөнінде жалпы мәлімет берілген. Геодезиялық-маркшейдерлік аспаптардың стандарты, қазіргі заманғы спутниктік глобальды және навигациялық жүйелер, лазерлік сканерлер, электрондық теодолиттер мен тахеометрлер және сандық, лазерлік нивелирлердің оптикалық және механикалық құрылымдары толық қамтылған. Оқулық 050711 - "Геодезия және картография", 050903 - "Жерге орналастыру" және 050707 - "Маркшейдерия" мамандықтары бойынша оқу бағдарламасының негізінде дайындалған. Оқулық геодезия пәнін оқып-үйренетін тау-кен, геологиялық барлау, мұнай, құрылыс мамандықтарын даярлайтын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған.

Учебное пособие по учебному курсу "Геотектоника и геодинамика" разработан в соответствии с содержанием ГОСО РК, квалификационной характеристикой, типовой программой и учебным планом специальности 0507006 "Геология и разведка месторождений полезных ископаемых" (бакалавриат). Учебное пособие включает все разделы учебного курса, необходимые для обеспечения необходимых знаний у студентов по одноименной учебной дисциплине. Содержание учебного пособия предусматривает ознакомление студентов с ведущей ролью геотектонических процессов в формировании планеты Земля, ее литосферы и земной коры, а также основных структурных элементов земной коры. Учебное пособие предназначено для студентов старина курсов и магистрантов геологических специальностей высших учебных заведений, а также для всех, кто интересуется вопросами образования и развития обиталища Человечества - планеты Земля.

Жер қыртысын геофизикалық әдістермен зерттеудің негізгі мақсаты – Жер қыртысын құрайтын таужыныстардың құрамы, құрылысы, құрылымы және де олардың дамуын зерттеу; Жердің физикалық өрістерін өлшеу арқылы геологиялық ортаны зерттеп, пайдалы қазбаларды табу. Осы мақсатты шешу нәтижесінде геологиялық объектілерді тауып, олардың геометриялық мөлшерін бағалап, физикалық қасиеттері арқылы олардың геологиялық табиғатын анықтауға болады. Геофизикалық әдістер – жер қойнауын физикалық әдістер көмегімен зерттеу. Бұл әдістерді мұнай және газ, рудалық пайдалы қазба кенорындарын іздеуде кең қолданады. Геофизикалық әдістер негізінде таужыныстардың физикалық қасиеттерін зерттейді. Осы әдістерді немесе пайдалы қазба кенорындарын іздеп табуда (мысалы, темір рудаларын табу үшін таужыныстардың магниттік қасиеттерін зерттейді), мұнай мен газ жиналатын тұз күмбездер сияқты геологиялық құрылымдарды карталауда, немесе мұхит түбінің бедерін, континентальды және мұхиттық жер қыртысының құрылысын, т. б. геологиялық мақсаттарды шешуде қолдана аламыз. Мазмұны жағынан жұмыста келтірілген деректер «Геофизикалық әдістердің негіздері» пәнінен 5В070600 мамандығы бойынша арнайы жоғары білім беру стандартына толық сәйкес келеді.

В учебном пособии излагаются научные основы использования горных условий в системе активного отдыха студенческой молодежи. Предназначено для преподавателей физической культуры, студентов вузов.

В учебном пособии дается систематизированное изложение вопросов по использованию, управлению и защите водных ресурсов в Казахстане, облегчающих и обеспечивающих решение экологических проблем локального и регионального характера. В первой главе пособия рассматриваются физико-географические условия формирования водных ресурсов, состояние водного фонда, проблемы водообеспечения территории промышленного города, состояние систем подготовки централизованного водоснабжения, а также возможности использования подземных источников. Показана роль нормативно-методических документов в регламентировании качества воды. Приведены сведения о методах комплексной оценки качества воды. Показана система осуществления мониторинга водных ресурсов, являющейся основой для выработки экологически безопасных и экономически эффективных решений. Во второй главе рассматриваются вопросы, показывающие теоретические основы и технология улучшения качества воды. Подробно описаны способы использования реагентов в технологии очистки природных вод. В третьей главе рассмотрены основные источники загрязнений водоемов, системы водоотведения, организация, условия приема и сброса сточных вод в водные объекты, принцип работы общегородских очистных сооружений. Рассмотрены качественные характеристики воды, используемой для технологических процессов. В четвертой главе подробно рассмотрены методы защиты гидросферы от промышленных загрязнений существующих на сегодняшний день. Приведены способы очистки производственных стоков от суспензированных и эмульгированных примесей и рассмотрены наиболее часто применяющиеся в производственном цикле способы очистки. Пособие может быть рекомендовано для студентов обучающееся по специальностям экологического направления, безопасности жизнедеятельности и всем кто специализируется в области охраны окружающей среды, контроля и прогноза ее загрязнения.