
Оқу құралы "Автоматтандырылған электржетегі" курсының бағдарламасына сай "Электр энергетикасы" мамандығына арналған. Ол үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда қондырғылар, электржетегінің негізгі элементттерінің статикалық сипаттамасымен динамикалық қасиеттері, іске қосу принципі қарастырылған. Екінші тарауда реттегіштің тиімді баптау әдістері, статикалық сипаттамалары мен динамикалық қасиеттері қараастырылған. Үшінші тарауда өндірістік механизмдердің автоматтандырылған электржетектерінің жүйелері қарастырылған: олардың жасаған жұмыстарының талдауы, өндірістік механизмдердің спецификасын ескере оотырып әртүрлі типтердің салыстырмалы бағасы берілген. Оқу құралы автоматтандырылған электржетек оқитын басқа мамандарға да, сонымен қатар электржетектер жүйелерін пайдалану және жобалау бойынша маманндарға да қажет болуы мүмкін.

Оқу құралы анық емес жүйелер және желілердің негіздеріне арналған: анық емес көпмүшелер теориясы, анық емес қатынастар, анық емес логика, анық емес енгізу жүйелері және анық емес нейронды желілер қарастырылған. "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері", "Ақпараттық жүйелер" мамандықтары бойынша бакалавр, магистр және докторанттарды дайындауға және басқа да жасанды желілер сұрақтарына қызығушылық танытатын мамандарға арналған. Оқу құралы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің және Пенза мемлекеттік университетінің сәйкес қарым қатынас жөніндегі Меморандумына байланысты авторлар коллективімен құрылған.

Оқу құралында ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтаудың әртүрлі әдістерінің физикалық негіздері мазмұндалған. Ғарыштық түсірулерді жүргізудің теориялық негіздері, түсіру аппаратурасының техникалық параметрлері және қашықтықтан зондтаудың мәліметтері қаралады. Жерді қашықтықтан зондтаудың қазіргі және болашақ бағдарламаларының сипаттамалары келтірілді. Оқу құралы «Аэроғарыштық түсіріс әдістері» пәні бойынша 5В071100 – Геодезия және картография мамандығына зертханалық жұмыстарды орындауға, сонымен қатар осы саламен айналысатын мамандарға арналған.

Алты бөлімнен тұратын бұл оқулықта "Геомеханика" пәнінің негіздері баяндалған. Тау жыныстары массивінің механикалық қасиеттері мен кернеулі деформациялық күйі, негізгі түсініктер және анықтамалар келтірілген. Сонымен қатар, пайдалы қазындыларды қазып алудың әртүрлі әдістері (ашық, жерасты және біріктірілген) кезінде пайда болатын геомеханикалық процестердің ерекшеліктері қарастырылған. Оқулық, таау-кен мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына сәйкес, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде "Геомеханика" пәнін жүргізудегі көпжылдық тәжірибе және Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі жүргізген геомеханикалық зерттеулерінің нәтижелері негізінде жазылған. Кітаптың мазмұны "Геомеханика" пәнінің оқу бағдарламасы талаптарына сай. Оқулық 5В070700 - ТТау-кен ісі мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында оқитын бакалаврларға, магистранттар мен PhD докторанттарға арналған және оқулықты ғылыми-зерттеу, жобалау институттары, өндіріс мекемелері қызметкерлері де пайдалана алады.

Оқу құралында барлау геофизикасының теориялық негіздері, өрістерді өлшеу аспаптары, далалық жұмыс жасау принциптері, өрістерді өңдеу, талдау мен талқылау әдістері, алынған өрістер нәтижелерін графиктер немесе изосызықтар карталарымен бейнелеу амалдары келтірілген. Әр бөлімнің аяғында білімді тексеру және пысықтауға арналған бақылау сұрақтары берілген. Соңында кітапта кездесетін терминдерге түсініктеме, глоссарий берілген. Оқу құралы жаратылыстану ғылымдары мамандарына, студенттер мен магистранттарына арналған.

Оқу құралында ғимарат салудағы құрылыс саласындағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру, жобалық-ізденіс жұмыстарды геодезиялық қамтамасыздандыру, ғимараттар мен имараттарды алаңға көшіру, олардың жерасты және жерүсті бөліктерін салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар және олардың салынған дәлдігін бақылау сұрақтары қарастырылған. Ұсынылған оқу құралы құрылыста жүргізілетін геодезиялық жұмыстарды барынша толық қамтиды және өндіріс технологиясымен тікелей байланысы көрсетілген. Оқулық жоғарғы оқу орындарының геодезия мамандықтары студенттеріне арналған. "Ғимарат деформацияларын бақылау" оқу құралының негізгі мақсаты 5В071100 "Геодезия және картография" мамандығының студенттеріне пәннің теориялық жақтарымен жұмыс жасауға көмегін тигізеді. Сондай-ақ - оқу траекториясы, оқу әдістемелік кешені пәннің оқу бағдарламасынан тұрады, қысқаша лекция конспектісінен, әдістемелік материалдардан, студенттің өзіндік жұмысы үшін оқу практикалық материалдардан, міндетті әдебиеттер тізімінен, глоссарийдан, тест және бақылау сұрақтары студенттің курс бойынша өз білімінің деңгейін тексеру үшін қажет.

Кітап соңғы жылдары Болон келісімі бойынша оқу орындарына пән ретінде өндірілген философиялық тақырыпқа жазылған. Мақсаты - өсіп келе жатқан ғылымдарға дүниетанымдық, методологиялық жәрдемді күшейту, қазіргі заманда философияның қоғамда атқарар рөлін көтеру.Сондай-ақ "Ғылым тарихы мен философиясы" әлі қалыптасып бітпегендіктен, бұл еңбек оқулыққа ой қосады деп түсінеміз. Монография философиямен шұғылданушы жас ғалымдарға, магистранттарға арналған.

В настоящем учебном пособии даются основы дешифрирования снимков для создания карт и планов. Подробно рассматриваются методы топографического дешифрирования, основные свойства изображения на аэроснимках объектов земной поверхности. Особое внимание уделяется вопросу выполнения камерального и полевого дешифрирования топографических объектов на аэрофотоснимках масштаба 1:25 ООО, 1:10 000, 1:5000, 1::2000. Приводятся характеристики приборов, применяемых при дешифрировании снимков. Пособие предназначено для студентов картографических, геодезических, географических, землеустроительных и лесохозяйственных специальностей, а также может быть использовано преподавателями вузов, научными работниками, специалистами в области геодезии и картографии, :землеустройства и лесоустройства, экологии и природопользования, сельского и лесного хозяйства.

В монографии рассматриваются вопросы структуры и динамики исполнительных механизмов рельсовых грузоподъемных и транспортных машин с учетом изменения их структуры в процессе работы. Показано влияние статической неопределимости механизма передвижения на распределение вертикальной нагрузки, возникновение и рост динамической нагрузки на несущие элементы привода и другие негативные факторы. При исследовании учитываются реальные свойства деталей и сочленений звеньев в механизмах. Приводится методика составления динамических и математических моделей для исследования движения механических систем. Для научных сотрудников, инженеров, преподавателей и студент ВУЗов, интересующихся проблемами машиностроения.

В монографии рассматривается теоретическое исследование и численная реализация динамических задач механики подземных сооружений в анизотропных слоистых средах, представленных разноориентированными одиночными и парными горизонтальными полостями произвольного профиля глубокого и неглубокого заложения, при распространении упругих волн; при этом получен динамический анализ напряженно-деформированных характеристик в зависимости от геометрических и физико-механических параметров среды, падающих волн и полостей. Монография предназначена для узкого круга специалистов в области механики деформируемого твердого тела, механики подземных сооружений, механики сплошных сред.