
Учебное пособие составлено в соответствии с Типовой программой, утвержденной Министерством образовании и науки Республики Казахстан и требованиями ГОСО специальности, а также в соответствии с содержанием учебно-методического комплекса.

Оқу құралында жерсеріктік, радиорелейлік, оптикалы талшықтық және ұялық радиобайланыстық жүйелер жөнінен көлемді мағұлмат берілген. Қазіргі қатты дамып келе жатқан жерсеріктік байланыс жүйелері GLOBALLSTAR, IRIDIUM, INMARSAT және т.б. туралы, сондай-ақ навигация жүйелері СРS NAVSTAR мен ГЛОНАСС жөнінен айтылып және олар ғарыштық аппараттары конструкциясы, ұшу орбиталары, көрсеткіштері, қолданылуы бойынша жан-жақты талданған. Қазақстан Республикасының "Kazsat -2" байланыстық жерсерігі туралы мәлімет берілген. Тікелей көріністегі радиорелейлік байланыс жолын құру принциптері көрсетіліп, оның аппаратурасы функционалдық сұлбалары беріліп, жұмысы қаралған. Қалалар арасында және қала ішінде соңғы кезде өзінің артықшылықтары арқылы кең қолданыс тапқан оптикалы талшықтық байланыс жолы құрылымы мен жұмысы кеңінен баяндалған. Сонымен қатар қозғалмалы байланыс жүйесі құрылымы, технологиялары және сипаттамалары туралы айтылған.

Бұл оқу құралы сегіз бөлімнен түрады. Әрқайсысында дайындаманы алатын технологиялық үрдістен және әртүрлі бөлшектердің типтік түрлерінің механикалық өңделуінен құрастырылған. Оқу құралында көлік, көліктік техниканың типтік бөлшектерінің қолданатын материалдары да қарастырылған. Әсіресе металл кесуші құрал-саймандардың механикалық өңдеуіне көп көңіл бөлінген. "Көліктік техниканың типтік тетіктерін өндіру технологиясы" атты оқу құралы 5В071300 "Көлік, көліктік техникасы және технологиясы" мамандығының студенттеріне арналған.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының бакалавриат деңгейіндегі типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың кредиттік жүйесінің талаптарына сәйкес жазылған. Кітаптың құрылымы мынадай: теориялық материал (лекция); тәжірибелік сабақтарға арналған есептер мен тапсырмалар; типтік есептерді орындау үлгілері; 30 нұсқадан тұратын үй тапсырмалары (ҮТ); бақылау жұмысына арналған тапсырмалар; қажетті анықтамалар мен формулалар. Кітап жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған.

Оқу құралында инженерлік компьютерлік графиканың теориялық негіздері, AutoCAD графикалық жүйесінде графикалық примитивтерді салу, оларды редакциялау командалары мен тәсілдері баяндалған. Пәннің негізгі бөлімдерін қамтитын және пәнді меңгеруге, сызбаларды дербес компьютердің көмегімен орындауды тиісті деңгейде игеруге ықпал ететін зертханалық жұмыстар берілген. Оқу құралында кредиттік технология бойынша оқуға сай, білім алушылардың өзін-өзі тексеру үшін бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары, глоссарий бар. Оқу құралы жоғары оқу орындарының 5В072900 "Құрылыс" мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.

Оқу құралында құрылыс саласындағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру, ғимараттар мен имараттарды алаңға көшіру, жобалық-ізденіс жұмыстарды геодезиялық қамтамасыздандыру, олардың жерасты және жерүсті бөліктерін салу кезіндегі геодезиялық жұмыстары мен салынған дәлдігін бақылау сұрақтары қарастырылған. Ұсынылған оқу құралы құрылыста жүргізілетін геодезиялық жұмыстарды барынша толық қамтиды және өндіріс технологиясымен тікелей байланыса отырып көрсетілген. Оқу құралы жоғары оқу орындарының геодезия мамандықтары студенттеріне арналған.

В пособии описаны испытания и методы определения свойства основных компонентов бетона, а также свойства и расчета состава композиции для изготовления бетона. Излагается перечень необходимого оборудования, приборов и приспособлений, методы исследования основных свойств бетонной смеси и бетона. Учебное пособие предназначено для студентов строительных специальностей высших учебных заведений, инженерров-строителей и работников строительных лабораторий.

Оқулық Мемлекеттік білім беру стандартының техникалық мамандықтарға "Материалтану және құрылымдық материалдар технологиясы" жалпы пәні бойынша білім беру талабына сәйкес жазылған. Машинажасау тетіктеррін жасаудың барлық өңдеу сатылары толық қаралған (кеннен тетік бетін өңдеуге дейін). Бірінші және екінші бөлімдерінде металдар мен қорытпалардың кристалдық құрылымы, кристалдану процестері, пластикаллық деформация мен рекристаллизация процестері, құрылымдық материалдардың түрлері мен қасиеттері, айтылған қасиеттерге термомеханикалық және термохимиялық әсер етудің теориялық және тәжірибелік сұрақттары қаралған. Оқулықта қорытпаларда құрылатын фазалар мен күйлердің диаграммалары бейнеленген. Термиялық өңдеудің теориясы мен технологиясына үлкен көңіл бөлінген. Үшінші бөлімінде машинажасау тетікктерін жасаудың барлық өңдеу сатылары қаралған (кеннен тетік бетін өңдеуге дейін). Бұл бөлімде мынадай қазіргі заманғы және келешегі мол технологиялық тәсілдер қаралған (жеке, сериялы және жаппай өндіірістерде қолданылатын): құрылымдық материалдарды алу және өңдеу; құю, пластикалық деформация тәсілдері, пісіру, кесу және басқа тәсілдермен дайындамалар мен машиналар тетіктерін жасау. "Металлургия"", "Машинажасау" және басқа техникалық мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының бакалаврларына арналған. Жоғары оқу орындарының магистранттарына, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми және иннженер-техникалық қызметкерлеріне, металлургиялық және машинажасау өндірісі кәсіпорындарының инженерлеріне пайдалы болуы мүмкін.

Приведены сведения о технологических машинах и механическом оборудовании предприятии по производству строительных материалов, изделий и конструкции. Дано описание устройства, принципа действия и методов расчета основных параметров машин для дробления, помола, сортировки материалов, а также смесительных машин и оборудования для производства сборного железобетона. В книге основное внимание уделено особенностям конструкции и методам расчёта основных (типовых) машин и оборудования, классифицированных по технологическому назначению и принципу действия, что должно оказать существенную помощь студентам в изучении данных машин и оборудования и применении их на практике. Учебное пособие предназначено для студентов вузов, обучающихся по специальности 5В073000 «Производство строительных материалов, изделий и конструкций», а также может быть полезно студентам машиностроительных и других специальностей, магистрантам, научным и инженерно-техническим работникам.

Типтік оқу бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігімен бекітілген, мамандық бойынша мемлекеттік стандарт, педагогика-психологиялық негізгі ұйымдар мен тәжірибе сабағын жүргізу бойынша оқу әдістемесі құрастырылған. Берілген оқу құралында қазіргі кездегі мұнай-газды өндірудегі қиыншылықтардың себептерінің бірі - ол мұнай-газ құрылғыларының коррозияға ұшырауы, соның нәтижесіндегі жағдайы туралы нақты материалдар берілген. Мұнда коррозиялық процестер мен оның бұзылыс түрлерінің топтастырылуы кеңінен көрсетілген, олардың химиялық және электрохимиялық коррозия үрдістерінің теориясының негізі, пайда болуы мен жүру механизмі көрсетілген. Мұнай-газ кәсіпорындарында барлық белгілі металл коррозиясына қарсы амалдар қолданыс тапты, мысалы, электрохимиялық қорғаныс тәсілі: катодтық қорғау, протекторлық корғау және анодтық қорғау, сонымен қатар өндірістік құрылғыларды ішкі коррозиядан сақтайтын ингибирлеу тәсілі. Өндірістік құрылғылардың коррозияға ұшырауы туралы жалпы мәліметтер және компрессорлы-сорапты құбыр мен басқа да мұнай және газконденсатты ұңғыдағы, жерасты және жерүсті құрылғыларының коррозияға ұшырауының негізгі себептері көрсетілген. Бұл оқу құралы мұнай-газ саласындағы жоғарғы оқу орындарындағы студенттер, магистранттар мен колледж оқушыларына, сонымен қатар кең ауқымдағы инженерлі-техникалық мұнай өнеркәсібіндегі қызметкерлерге арналған.