
Бұл оқу құралында MATLAB бағдарламалық қолданбалы пакетінен алғашқы мағлұматтарды бере отырып, осы ортада сызықтық алгебра есептерін, сызықтық және сызықтық емес дифференциалдық теңдеулерді шешу үшін есептеулер жүргізудің әдістерінен мағлұматтар берілген. Оқу құралы "Аспап жасау", "Автоматтандыру және басқару" мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерге арналған. Авторлар ұсынылып отырған бұл оқу құралының MATLAB бағдарламалық қолданбалы пакетін өз бетінше игергісі келетін оқырмандарға да пайдасы тиер деген сенімде.

Жобалау сатылары мен автомобильдің техникалық деңгейін бағалау белгілері, жобалау кезінде оның сенімділігі мен техникалық-экономикалық талдау мәселелері қарастырылған. Жүк автомобилінің, тіркеменің (жжартылай тіркеменің), жеңіл автомобильдің және автобустың жалпы үйлесімдерінің негіздері келтірілген. "Автомобиль және трактор жасау" мамандандыру бағыты бойынша дайындалатын бакалаврларға арналған, ""Көлік, көлік техникасы және технологиялар" мамандығының басқа мамандандыру бағыттары бойынша дайындалатын бакалаврлар да пайдалануы мүмкін.

В учебном пособии «Автоматизация и управление техническими системами» рассматриваются основные понятия, цели и принципы построения систем автоматизации и управления (САиУ). Приводится классификация СААиУ. Рассмотрены функциональные и технические структуры САиУ. Большое внимание уделено математическим моделям базовых элементов САиУ. Рассматриваются основные методы синтеза САиУ, вопросы автоматизации и управления электромеханических приводов. Данное пособие предназначено для студентов и магистрантов обучающихся по специальности 050702 «Автоматизация и управление». Учебное пособие разработано в соответствии с рабочей учебной программой по курсу «Автоматизация и управления техническими системами» для бакалавриата.

Рассмотрены теоретические вопросы сбора и переработки технологической информации, принципы построения типовых АСУТП, этапы анализа сложных систем, применения вычислительной техники как основы управления системами. В учебном пособии значительное место уделено техническим средствам автоматизации, интерфейсу между техническим процессом и системой, а также рассмотрены вопросы проектирования функциональных схем систем измерения и автоматизации некоторых типовых технологических процессов. Изложены методы определения динамических характеристик объекта управления и синтеза систем автоматического регулирования, а также рассмотрены вопросы цифрового управления.

Оқу құралы 15 бөлімнен тұрады. Алдымен модел түсінігі беріледі. Содан кейін, оның түрлері қарастырылады. Соның ішінде математикалық модель түсінігінен кеңірек мәлімет беріледі. Математикалық моделдерді құрудың классикалық әдістері мен құру қағидалары, олардың мақсаты мен функциялары, күрделі жүйелердің математикалық моделдері, моделдеуде сараптық жүйелерді, сондай-ақ нейроақпараттық технологияларды қолдану мәселелері қарастырылған. Идентификациялау теориясының негізгі түсініктері, сызықты және бейсызықты объектілерді идентификациялау әдістері, бейімделетін жүйелердегі идентификация, идентификацияның статистикалық әдістері қарастырылған. Оқу құралының мақсаты - математикалық моделдер және оларды дұрыс құру және қолдануды жете меңгеру. 5В070200 "Автоматтандыру және басқару" мамандығының білім алушыларына арналған, дегенмен басқа мамандықтағы білім алушылар үшін де пайдалы болуы мүмкін.

Оқу құралы кредиттік оқыту жүйесі бойынша "Алгебра" пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес жазылған және университеттің "Математикалық және компьютерлік модельдеу", "Ақпараттық жүйелер", "Техникалық физика" және "Машиналар динамикасы мен беріктігі" мамандықтарына арналған. Сонымен қатар оқу құралы техникалық және педагогикалық оқу орындарының студенттері мен магистранттарының білімдерін жетілдіруге ыққпал етеді.

Оқу құралы кредиттік оқыту жүйесі бойынша "Аналитикалық геометрия" пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес жазылған және университеттің "Математикалық және компьютерлік модельдеу", "Ақпараттық жүйелер", "Техникалық физика" және "Машиналар динамикасы мен беріктігі" мамандықтарына арналған. Оқу құралы 4 бөлімнен тұрады. Алдымен жарылғыш заттарға жалпы түсінік және теориялық тұжырымдарынан, жарылыс кезіндегі физика-химиялық әрекеттері мен құбылыстарына, оның қолданылуына сипаттама берілген. "Жарылыс құралдары" тарауында - жарылғыш заттардың қолданылуы және олардың әрқайсысымен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігі қамтылған. "Оқтаманы жару тәсілдері" тарауында жару жұмыстарын ұйымдастырумен қатар, әр оқтаманы тиімді пайдалану жайлы айтылады. Оқу құралының мақсаты - жарылғыш заттар және оларды дұрыс қолдану мен оларды өндіру технологиясын жете меңгеру. Сонымен қатар, жарылыс қуатын қолдана отырып, кен жынысын қажетті көлемде ұсақтау арқылы тиеп-тасымалдау жұмыстарын жеңілдету. Оқу құралы "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы бойынша, сонымен қатар мұнай-газ, геологиялық барлау, машинажасау, тау-кен институттарының студенттері мен магистранттарының білімдерін жетілдіруге ықпал етеді.

Оқу құралында ашық кен қазу жұмыстары кезіндегі тасымалдау машиналары мен қондырғыларының түрлері, жіктелуі, құрылысы және қолдану аймағы, олардың теориялық негіздері мен пайдалану есептеулері баяндалған. Оқу құралы 5В070700, 5В072400 мамандықтарының типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған. Оқу құралы жоғары техникалық оқу орындарының "Технологиялық машиналар және жабдықтар", "Машина жасау технологиясы", "Тау-кен ісі" мамандықтарының студенттеріне, осы мамандықтардың магистранттары мен аспиранттарына арналған, сол сияқты тау-кен саласында істейтін инженер мамандарға да пайдалы болуы мүмкін.

Изложены основные сведения о способах бурения скважин, применяемой технике и технологии их проведения. Основное внимание уделено комплексу вопросов, связанных с бурением гидрогеологических, инженерно--геологических и колонковых скважин на твердые полезные ископаемые. Даны сведения об организации буровых работ. Учебник предназначен для студентов следующих геологических специальностей ВУЗов: гидрогеология н инженерная, геология; геологическая съемка, поиски и разведка месторождений полезных ископаемых; геофизические методы поисков и разведки месторождений полезных ископаемых; технология и техника разведки месторождений полезных ископаемых (общий курс бурения, скважин).

Оқу құралында бұрғылау жабдықтарын монтаждау әдістері баяндалған. Жабдықтар орналасатын құрылыс алаңын дайындаудан бастап оған тасымалданған жабдықтардың орналасуы, әр агрегат түрлеріне қарай фундаменнттерді таңдап, оларды орнықтыру тәсілдері, жүк тасымалдауға қолданылатын техникалық құралдар мен транспорт түрлері, олардың техникалық сипаттамалары, такелаж жұмыстары реттері қарастырылған. Бұрғылауу қондырғысы мұнаралары, сонымен қатар бұрғылау агрегаттары, күштік блок агрегаттары, лақтыруға қарсы жабдықтарды монтаждау реттері баяндалып, сұлбалар, суреттер көмегімен жеткілікті түсініктеме беру көзделген. Оқу құралы колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне және мұнайгаз ұңғыларын бұрғылаумен айналысатын өндіріс мамандарына арналған.